Қызылордада көпқабатты үйдің тұрғындары өңірге мүлде жауын жаумаса деп тілейді

WhatsApp Image 2023 02 02 at 16.27.12 1.jpeg.Still003

Өйткені үйдің төбесіндегі бетон жабындыларын ұстап тұрған қабырғалар жауын жауған сайын мүжіліп жатыр. Тіпті сараптама жасаған мамандар осы жабындылардың апатты күйде тұрғанын анықтаған. Ал қауіпті үйдегі 50 отбасы бір күні осы бетондардың астында қаламыз ба деген қорқынышпен күн кешуде, деп хабарлайды “Azattyq-Newsақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2023 02 02 at 16.27.12 1.jpeg.Still002

“Төбені қара қағазбен жабайын десек, біздің салмағымызды көтермейді. Өйткені астындағы кірпіш құласа, бітті. Бір кірпіш қой ұстап тұрған. Жаңбыр, қар жаумаса деген тілекпен күн кешіп жатырмыз”, – дейді тұрғын ЭЛЬМИРА.

WhatsApp Image 2023 02 02 at 16.27.12 1.jpeg.Still001

Тұрғындардың айтуынша, тек бір ғана кірпіш тіреп тұрған жабындылардың арасынан өткен жауын суы тіпті жоғары қабаттағы пәтерлерге де ағады. Соның кесірінен, электр тоқтары жиі тұйықталып қалады дейді. Ал бұл баспанада тұратындардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар. Сондықтан апатты жағдайда тұрған үйдің төбесін жөндеуге өзіміздің шамамыз жетпейді деп отыр.

WhatsApp Image 2023 02 02 at 16.27.12 1.jpeg.Still004

“Мен мысалы 4-те тұрамын. Жаңбыр жауса, менің үйіме дейін келеді. Қатты жауын жауса қауіпті жағдайда тұрады. Акиматтан басқа нелерден көмек жоқ қазір”, – дейді тұрғын АРАЛБАЙ ҚАЛДАНОВ

Көпқабатты үйге осыдан екі жыл бұрын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу туралы әкімдік ұсыныс берген. Бірақ тұрғындар оған келіспепті. Мұндағы зейнеткерлер бағасы аспандап тұрған құрылыс жұмыстарына табыстарының жетпейтінін айтады. Бірақ қажетті техникамен, жұмысшыларды әкімдік тауып берсе, құрылыс заттарын өз қаражатамызға сатып алар едік дейді. Ал әкімдік өкілдері баспаны бюджет есебінен жөндеуге ақша жоқ деп кесіп айтты.

WhatsApp Image 2023 02 02 at 16.27.12 1.jpeg.Still005

“Егерде тұрғындар тарапынан қаражатын жинап, тиісті материалдарын алып берген жағдайда техникалармен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар. Ол барынша біздің айтатанымыз қайта жаңғыртуға тұрғындар тарапынан жұмыс жасауымыз керек”  – дейді ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.

Осылайша бірнеше жылдан бері үрей үстінде күнелткен көпшіліктің баспанасын жөндеуге әкімдіктегілер енді ғана көмектеспек. Ал тұрғындар осы құрылыс жұмыстары көктемдегі толассыз жауынға қалмай тезірек басталса екен дейді.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x