Қызылордада жұмыстарын тоқтатпақ болған жүздеген теміржолшының талабы орындалды

Қызылордада жұмыстарын тоқтатпақ болған жүздеген теміржолшының талабы орындалды

Локомотив пайдалану депосында жұмысшылар бір ауыздан наразы болған басшы Жұлдызбай Мұсаев қызметінен кетті, деп хабарлайды «Азаттық Ньюс» Ақпараттық Агенттігі.

S3540017.MP4.Still008

Бұған дейін 19 жыл бойы депо басшысы болып, кейін араға 5 ай салып осы лауазымға сот шешімімен қайта келген азаматқа теміржолшылардың қарсылық білдіргенін жазғанбыз. Көпшілік  ұзақ жыл депоны басқарған осы басшыдан әбден қысым көріп келдік деп шағымданған еді. Тіпті жылы креслосына қайта келсе, жұмысымызды тоқтатамыз деген болатын.

Десе де, бүгін ҚТЖ тарапынан келген бөлім басшысы Жұлдызбай Мұсаевтың басқа қызметке өз еркімен ауысқанын мәлімдеді. Жауаптылардың сөзінше, көпшілік қарсы болған Мұсаевтың ұжыммен қарым-қатынасы дұрыс болмаған. Сондықтан ол орынын босатты дейді.

S3540017.MP4.Still007

“Негізгі себеп басшылық пен жұмысшылар арасында ешқандай қарым-қатынас болмаған. Бір-бірін тыңдамаған. Соның бәрі осындай жағдайға әкеліп отыр. Қазіргі кезде сұрақтардың барлығы шешілді”, – дейді  БАТЫРХАН БАЗАРБАЕВ, “ҚТЖ ЖҮК ТАСЫМАЛЫ” ЖШС БАТЫС ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ҚОСАЛҚЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x