Қызылордада жолаушылар мінген қоғамдық көлік апатқа ұшырады

7 scaled

Жүк тиелген “Газель” жолаушылар мінген автобусқа соққан. Кесірінен “Газельден” өрт шыққан, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Жол апаты түскі уақытта Бұхарбай батыр және Жалаңтөс Баһадүр көшелерінің қиылысында болған. №17 бағытта қатынайтын автобусқа сыра бөшкілері тиелген “Газель” келіп соққан. Сол сәтте жүк көлігі өртене бастаған. Құтқарушылар автобустағы жолаушылар зардап шекпегенін айтады. Ал “Газель” жүргізушісі басынан жарақат алып, аурухана жеткізілген. Сондай-ақ жол апаты кезінде тұтанған тілсіз жауды толық сөндірдік дейді өрт сөндіру қызметінің өкілдері.

– ГАЗЕЛЬ» маркалы көлігінің қозғалтқыш бөлігі және кабинасы толық жанғаны анықталды. Өрт 13: 58 минутта толық сөндірілді. Қазіргі таңда «ГАЗЕЛЬ» макалы жүк көлігі жүргізушісінің басы жарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды. – деп мәлімдеді ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
trackback

[…] Жүк тиелген «Газель» жолаушылар мінген автобусқа соққан. Кесірінен «Газельден» өрт шыққан, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. […]

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x