Қызылордада жеке массаж орталығына барған бүлдіршін күйік шалып, ауруханаға түсті

Қызылордада жеке массаж орталығына барған бүлдіршін күйік шалып, ауруханаға түсті

Орталықтағы ем шарасынан кейін баланың екі жамбасы қатты күйіп қалған. Тіпті қазір дәретке шыққан сайын бүлдірші қатты қиналады, деп хабарлайды «Азаттық Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2023 05 17 at 18.58.03

Ақмарал Бөлебаева бір жастағы баласы Әділ Тимурдың жүрісі кешеуілдегесін, өз бетінше жеке массаж орталығының көмегіне жүгініпті. Ондағылар бүлдіршінге парафинмен емдеу әдісін ұсынған. Ақмаралдың келісімінен соң, массажистер емді бастаған. Бірақ 10 минуттық ем кезінде балам шырылдап жылауын қоймады дейді. Айтуынша, одан кейін бір жастағы нәрестенің қос жамбасы бірден үлбіреп шыға келген. Ал анасы ұршығы әлсіз баламды массаж арқылы аяғынан тұрғызам ба дегенде, енді жағдайы мүлде қиындап кетті деп зар жылайды.

WhatsApp Image 2023 05 17 at 18.58.02

“Баламды кәдімгідей китайсий грелкамен күйдіріп тұр олар. Байқамай парафинмен де күйіп тұрған жоқ қой. Түсініп тұрсыздар ма? Дәрет сындырған сайын қаттышыңғырып жылайды, – дейді Әділдің анасы АҚМАРАЛ БӨЛЕБАЕВА.

Келіншек  массажистер бүлдіршінді емдеу кезінде парафин емес, күмәнді нәрсе пайдаланған деп күдіктенеді. Ал жағдайдың қалай болғанын анықтау үшін “Шипалы алақан” деп аталатын орталықтың өзіне барып көрдік. Орталық мамандары балаларға массаж жасауды әлі де жалғастырып жатыр. Тіпті жұмыстары қызу секілді. Өйткені Әділдің жағдайына байланысты сұхбат беруге уақыт таппады.

“Дәл қазір сіздерге бере алмаймыз. Уақыт жоқ. Ата-аналар бар, балалар бар”, – деп қысқа қайырды орталық қызметкерлері.

Ал дәрігерлер Әділдің денесін екінші және үшінші дәрежелі күйік шалғанын айтады. Қазір жағдайы орташа ауыр. Сондай-ақ ақ халаттылар балаларының емі үшін кез келген жеке емдеу ұйымдардың көмегіне жүгіне беруге болмайды дейді. Айтуларынша әуелі білікті дәрігерлердің нұсқауын алу керек.

“Дәрігердің нұсқауымен мемлекеттік мекемелерде тіркелген, лицензмясы бар, сертификаты бар, білікті мамандардың нұсқауымен ғана осындай массаж, физиотерапиялық емді дәрігерлердің нұсқауымен қабылдаған дұрыс. Және кез келген жерге емес, мемлекеттік мекемелерде ем алуды ұсынамын” ,- дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары МАЯ МИРЗАНОВА.         

Сондай-ақ басқармадағылар  жеке массаж орталығына бақылау жасай алмайтындарын айтады. Ал қазір полицейлер осы орталықтағы жағдайға байланысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x