Қызылордада интернаттың жұмысы сынға алынды

S3220001.MP4.Still002

 

Облыстағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернатқа биыл жергілікті бюджеттен 112 миллион теңге бөлінген екен. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде қазір не бары 6 ғана кәмелет жасына толмаған бала жатыр. Есесіне осы жандарға тәрбие беретіндердің  саны қырыққа жетіп жығылады. Отыз орындық  оңалту орталығында соңғы 5 жылда бала саны 10-нан аспапты.

S3220001.MP4.Still003

Девинатты мінез-құлықты балаларға арналған интернат 2015 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Бұл мекеме құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын, ата-ана назарынан тыс қалып қаңғыбастыққа салынған 11 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. Аманат партиясының қабырғасында өткен қоғамдық кеңесте интернаттың жұмысы сынға алынды. Себебі соңғы 5 жылда мұнда 9-10 ғана тәрбиеленуші болыпты. Алғашқыда мекемені ұстап тұру үшін жылына 50-55 млн теңге бөлінсе биыл бұл көрсеткіш 112 млн-ға жеткен. Жабық мекемелерді тексеруге құзырлы Адам құқықтары жөнілдегі уәкіл  мамандарының да интернаттың жұмысына көңілдері толмай отыр.

S3220001.MP4.Still008

– Олардағы мебель 2004 жылдан бері тұрған мебель. Өте көне ескі мебель. Бүйтіп қаусап тұрған мебель әйтеуір. Сосын замена продуктов бар ол жерде, мысалы әрбір балаға барлығы натуральные продукты болу керек молоко, масло деген секілді.  Ол замена жасалып отыр.  Заменаға  маргарин. – дейді  СӘУЛЕ ӘБІЛДАЕВА, АЗАПТАУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ҰЛТТЫҚ АЛДЫН АЛУ ТЕТІГІНІҢ МАМАНЫ

S3220001.MP4.Still006 1

Қазір оңалту орталығында 6 тәрбиеленуші бала болса оның тек екеуі Қызылордадан, қалған жасөспірімдер Ақтөбе мен Балқаш қалаларынан екен.  Интернаттың директоры балалардың аз-көп болуы бізге байланысты емес деп ақталды.

S3220095.MP4.Still001

– Енді бұл жердегі балалар соттың шешімімен келетін балалар. 14-18 жас аралығындағы балалар. Соттың шешімімен 1 ай, 6 ай 1 жылға дейін келетін балалар. – дейді ЕРЛАН ҚАЛЫМБЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНТЕРНАТТЫҢ ДИРЕКТОРЫ

S3220001.MP4.Still009

 Ал осы балаларға ұйымдастырушы педагог, психолог, дәрігер секілді барлығы интернатта 48 штаттық бірлік бар екен. Қоғамдық кеңеске қатысқан Қызылорда облысының депутаты санаулы балаларға тәрбие берушілердің саны тым көп дейді.

S3220001.MP4.Still005

 

– Бес жылдың ішінде 500 млн-ға жуық ақша жұмсалған. Мамандар тиісті балалар болмаса да өзінің айлық жалақысын толықтай алып отыр. Бала толық болмаса да азық-түлік тамақтар бөлініп отыр. Жалпы осы шығыстардың барлығы қаншалықты тиімділіг әрине екінші мәселе. – дейді АИДА ӘБИБУЛЛАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

 Жиынға қатысқан білім басқармасының өкілі болса мәселеден хабардар екендігін жеткізді. Штат мәселесін жақын арада қайта қарастырамыз дейді.

S3220095.MP4.Still002

– Арнайы жеке психологтар, техқызметкерлер бар, тәрбиешілер бар, спортшылар бар ол 77 бұйрықпен бекітілген арнайы штаттар. Ешқандай бұл жерде артық штат алынбаған. Сіздер тараптан осы штатты қысқарту қаралмайды ма? Біз осыған дейін бір рет қаралған 10 штатқа қысқартылған. Алдағы уақытта да бұның тиімділігі қаралатын болады.- дейді ӘЗИЗБЕК ІЗІМБЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНАСАРЫ

Осыншама педагогтар мен тәрбиешілер бола тұра интернат тәрбиеленушілері мұнда білім алмайтын  көрінеді. Білім басқармасы арнайы бір мектеппен келісім шартқа отырған.  Айта кетейік Қазақстан бойынша мұндай орталықтардың саны төртеу ғана екен.

Бөлісу:

2 4 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Азиза
Азиза
1 year ago

Девинатты мінез-құлықты балаларға арналған интернат болғандықтан балалар түрлі мерзімге сот шешімімен келетіндіктен әр бала кемінде 10 балаға татитын шығар. Әр бала ерекше болады ғой соның ішінде мінез құлқы дұрыс қалыптаспаған балалар және олар қысқа мерзімде олармен жұмыс жасау да оңай емес деп ойлаймын. Бұл мекемені жапқанда сонша отбасын асыраушыларына жұмысты кім тауып береді екен


АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x