Қызылордада бомба құлағандай күйге түскен трасса жөнделмей тұр.

Қызылордада бомба құлағандай күйге түскен трасса жөнделмей тұр

Сыр   өңірінде көктем басында  тасқын су шайған облыстық маңызы бар трасса әлі күнге дейін жөнделмей тұр. Тіпті бюджеті де бөлінбеген. Ал біраз бөлігі қатты бір жарылыс болғандай опырылып қалған тас жолда жүруге тыйым салынған жол белгілері де жоқ. Тұрғындардың сөзінше осы уақыт ішінде бұл торап талай жол апатына себеп болған, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі.

Көктемгі сең жүру кезінде тасқын су шайып кеткен Қармақшы мен Жалағаш ауданын байланыстыратын облыстық маңызы бар тас жолдың қазіргі күйі адам шошырлық. Әр жері бір опырылып қалған трассаға құдды бомба құлағандай. Сондықтан көлік жүргізушілері діттеген жеріне жету үшін жаяу адамның жылдамдығымен жүруге мәжбүр болатындарын айтады.

WhatsApp Image 2023 06 06 at 11.05.03 2

Бірнеше ай бұрын тасқын облыстық маңызы бар жолдағы көпірді де шайып кеткен болатын. Сол кезде көпірдің бір жақ шеті толығымен опырылып, құлап қалған. Алайда осы өтпелі жолдың аса қауіпті жағдайда тұрғанын көрсететін екі жағына жол белгілері қойылмапты.

WhatsApp Image 2023 06 06 at 11.05.02

“Знак жоқ қой. Көріп отырсыз ғой өзіңізде. Дым знак жоқ. Ана жақта тек топырақпен ғана тұр мысалы. Ана жерден батап 60-70 деген знактар болу керек қой. Қаншама авария болып жатыр”

WhatsApp Image 2023 06 06 at 11.05.02 1

“Білмейді ғой қазір. Шығады да басады. Қазір жас балдар шопырдың барлығы. Сең жүргенде бұзылды, содан тұр ғой әлі”, – дейді көлік жүргізушілері.

WhatsApp Image 2023 06 06 at 11.05.03

Десе де, қауіпті жолмен қазір Қармақшы және Қызылтам ауылдарының тұрғындары қатынайды. Өйткені айналма жолдың қашықтығы 200 шақырымнан асады. Ал әкімдіктегілер негізі трассаның үш айдан бері жабық тұрғанын айтады. Айтуларынша, жүруге тыйым салынған белгілерді жүргізушілердің өздері алып тастаған.

WhatsApp Image 2023 06 06 at 11.05.01

“Бүгінгі күні жобалық сметалық құжаттарына төтенше жағдайлар резервінен қаржы бөлініп, тиісті құжаттар әзірленді. Енді кеткен жеріне қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Осы айдың қаржысын бөлуді жоспарлап отырмыз”, – дейді Қызылорда облыстық автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы ӨМІРБЕК МҰСАЕВ

Яғни тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланса да, қаражаты әлі бөлінбеген. Бірақ бөлім басшысы осы жазда қауіпті трассаны қалыпқа келтіреміз деп сендірді.

АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x