Қызылордада білім басқармасының басшылары бала санаймыз деп бастары дауға қалды

Қызылордада білім басқармасы

Білім басқармасындағылар жеке балабақшалардағы бүлдіршіндердің нақты санын білу үшін фейсконтроль жобасын жүргізіп жатыр. Яғни, тәрбиешілер балабақшаға келген әрбір баланы күнделікті суретке түсіріп, оны басқармаға жіберіп отыруға міндеттелген, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі.

Ата-аналар болса біздің рұқсатымызсыз балаларды суретке түсіруге мүлде келіспейміз  деп наразылық білдіріп жатыр. Оның үстіне осы жоба басталғалы тәрбиешілер тәрбиемен айналысуға уақыт таппай қалды деп ашулы көпшілік.

Бүгін таң ата әкімдік алдына жиналған ата-аналардың ашуы қатты.  Өйткені апта басталғалы  ұйқысын әзер ашып, балабақшаға барған бүлдіршіндерін тәрбиешілер қайта-қайта суретке түсіріп, мазасын қашырған. Оның үстіне бұл үшін ешкім рұқсат та сұрамады дейді.

WhatsApp Image 2023 05 25 at 17.51.46

– Көзі қитар бала қалай өтеді одан? Екі жаққа қарап тұрса көзі. Сосын олар баланы алға, артқа дейді. Ол бала жынданады. Өтпейді, жылайды, жатады.– дейді МАДИНА есімді қызылордалық.

Ал тәрбиешілер бүкіл баланы жеке-жеке суретке түсіру үшін көп уақыт жоғалтамыз дейді. Мұндай сәтте бүлдіршіндер мүлде  бақылаусыз қалады екен. Сондықтан білім басқармасының балаларды санауға арналған осы әдісіне жеке балабақшаның өкілдері де қарсы.

WhatsApp Image 2023 05 25 at 17.51.45

-Надоело. Бір апта жүрміз. Менің қызметкерлерім жұмыс істеуді қойды. Целый день с утра до вечера ходить. 10 баланы түсіріп еді, 10 бала түспей қалды ғой кеше. –дейді АЙСҰЛУ АЛМАҒАНБЕТОВА, ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Ал білім бөлімінің басшысы осы арқылы жеке балабақшалардағы бүлдіршіндердің нақты санын білеміз дейді. Айтуларынша кейбір жеке ұйымдар өздерінде тәрбиеленбейтін баланы тізімге алып, сол үшін мемлекеттен ақша алып жүр. Сондықтан бала санаудың ерекше тәсілін пилоттық жоба ретінде бастағандарын айтады.

WhatsApp Image 2023 05 25 at 17.53.14

-Баланы түсіруге ата-анадан рұқсат керек. Әр жеке балабақшаның құрылтайшысы бар. Заңның талабын ол кісілер білу керек. Бізден заңның талабына сәйкестендіріп айтылған. Осы енді фейсконтрольге байланысты жобаның аяқталғандығын хабарлаймын. – дейді ЕРЛАН БОДАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Осылайша қаладағы тәрбие ошақтарында бір аптаға жалғасқан пилоттық жоба бүгін аяқталды. Бірақ басқарма өкілдері осы тәсілді облыс бойынша жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ал ата-аналар мен жеке балабақша қызметкерлері бала санын есептеуге арналған жобаның шикі тұстары көп дейді.

Бөлісу:

4 9 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
2 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ЕРКЕ
ЕРКЕ
11 months ago

Бұл өте өрескелдік.МАСҚАРА.
ТӘРБИЕШІЛЕР БАЛА ТӘРБИЕСІМЕН АЙНАЛЫСАМА? ЖОҚ ӘЛДЕ ҰЙҚЫСЫН ӘЗЕР АШЫП КЕЛГЕН БАЛАНЫ СУРЕТКЕ ТҮСІРУМЕН АЙНАЛЫСАМА? ЖОҒАРЫДА ОТЫРҒАНДАРДЫҢ БАЛАБАҚШАДАН БАСҚА АЙНАЛЫСАТЫН ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖОҚПА? БҰЛ НЕ ӨЗІ?

Гуля
Гуля
11 months ago

Өздері түгімен жұтып жатқандар, жұтып жатқаны аздай, басқа жағынан да қарастырып жатқан сияқты.

2
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x