Қызылордада әкім өзіне артығымен айлық жаздырып, бюджетке едәуір шығын келтірген

WhatsApp Image 2022 12 12 at 18.19.22

Жалағаш ауданына қарасты Жаңадария ауылының басшысы өзіне және қызметкерлеріне артық жалақы төлетіп, мемлекетке 2 млн теңгедей шығын келтірген, деп хабарлайдыAzattyq-News”  Ақпараттық агенттігі.

Бұл заң бұзушылық туралы мемлекеттік қызмет істер агенттігінің өкілдері айтып отыр. Бірақ сөйте тұра, әкім де, қызметкерлерде қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Агенттіке қарасты департамент басшысының айтуынша, әкім Асхат Есқалиев жұмыс істемеген уақытына артығымен ақша алған. Заңсыз алынған жалақысы 400 мың теңгедей болыпты. Сондай-ақ ауыл әкімдігінің қызметкерлері де бюджеттен жүйелі түрде артық айлық алып келген. Бірақ келтірілген шығынды толықтай өтепті. Алайда заңбұзушылыққа барғаны үшін тек қызметінен ғана босатылатын болыпты.

“Өткен жылы да, биыл да осындай заң бұзушылықтар анықталған. Әкім мұны мен жасаған жоқпын,  эцқ-ні есепшіге беріп қойғанмын деген уәж айтты. Бірақ оның өзі заңбұзушылық болып табылады. Ал тексеру комиссиясы мұны құзырлы органдарға жолдаған. Олар қылмыстық белгі жоқ деген. Біз аудан әкімдігіне қызметінен босату туралы ұсыныс бердік”, –  дейді мемлекеттік істер агенттігінің департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев.

Сондай-ақ есепші өз қызметін әлі де жалғастырып жатыр. Ғалым Тұрсынбаевтың айтуынша, облыста әкімдердің өзіне заңсыз артық жалақы алып жүрген бірнеше дерегі анықталған.

Бөлісу:

5 3 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Дәулет
Дәулет
1 year ago

Барлықтарыңызға Ассалаумағалмкум меннің естуімше бұл азамат Өзінің ауылана әкім болып түскелі, ауылана жарық шамдарын, жүз жыл бойы тек қана құм тастармен ғана тек тегістеп жүрген жолдарға асфальтті төсеген, Және бұл айыптау қасақана жасалған деп өз ойымды тәмәмдаймын!!!

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x