Қызылордада 6 гектар жер өртке оранды.

Қызылордада 6 гектар жер өртке оранды

Бүгін қаладағы Президент саябағына қарама-қарсы беттегі Шіркейлі каналының жиегін қызыл жалын басты. Төтенше қызметіне өрт жайында хабар 14:52 кеп түскен. Аталған шақырту бойынша өрт сөндіру қызметінен 10 техника 56 қызметкер, орман шаруашылығынан 3 техника 7 қызметкер жұмылдырылды, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық Агенттігі.

04310007.MP4.Still005

 Өрт сөндірушілердің барлау жұмыстары нәтижесінде 6 гектарға жуық жер отқа оранғаны анықталды.  өрттің өршуіне ауа райының қолайсыздығы әсіресе желдің қатты болуы болып отыр.  Дегенімен  Төтенше жағдайлар қызметінің жедел әрекетінің арқасында өрттің әрі қарай таралуына жол берілмей, қызыл жалын басылды. 

04310007.MP4.Still004

Өрт 17 сағат 25 минутта оқшауланып, қазіргі таңда үйінділерді ашу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы оқиға орнына Өрт сөндіру қызметі, апаттар медициналық орталығы полиция басқармасы, Қызылорда тазалығы, КазтрансГаз, жергілікті атқарушы органынан барлығы 17 техника 76 қызметкер жұмылдырылды.

Бөлісу:

4.8 4 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x