Қызылордада 44 жастағы әйел өзінің егіз сәбиін сатып жіберген

44 жастағы әйел өзінің егіз сәбиін сатып жіберген

Жақында ғана дүниеге келген шақалақтарды анасы үйінде саудалаған, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық Агенттігі.

Егіз сәбилерді саудалаған ана қылмыс үстінде қолға түсті. Бірақ полицейлер келіншектің неліктен мұндай қадамға барғаны, нәрестелерді кімге сатқаны туралы ақпарат бермеді. Сондай-ақ егіздердің қаншаға саудаланғаны да әзірге белгісіз. Бірақ осы дерекке байланысты кәмелетке толмаған азаматтар саудасы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

WhatsApp Image 2023 06 20 at 10.29.00

“Аталған дерекке сәйкес ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды”, – деп мәлімдеді Қызылорда облысы ПД басшысының орынбасары ІЛИЯС ЖҰМАҒҰЛОВ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x