Қызылордада 30 мектеп директоры жазаланды

S3640001.MP4.Still003

Жаңақорған ауданында 1 миллиар теңгені жымқырды деген білім беру бөлімінің қызметкерлеріне қатысты іс мәреге жақындады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі биыл маусым айында Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен бас есепшісіне қатысты тергеп-тексеру жүргізген еді, деп хабарлайды «Азаттық-ньюс» Ақпараттық агенттігі.

S3640001.MP4.Still004

Нәтижесінде аталған салада бюджеттік өтінімдерді бекіту рәсімінен бастап педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге дейінгі жұмыстарда жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін анықтады. Сонымен қатар қаржыландыру жоспарына қажетті есептеулер, растайтын құжаттар мен негіздемелері ескерілмей бекітілген. Жалпы келтірілген шығын 1 миллиард 70 миллион теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда бұл мәселеге қатысты 29 қылмыстық іс қозғалды.Іске тек аудандық білім бөлімі ғана емес мектеп директорларының да қатысы бар екені анықталды.

S3640001.MP4.Still002

– Жаңақорған ауданы бойынша білім беру ұйымдарында орын алған қаржылық құқық бұзушылықтарға қатысты қазіргі таңда 9 мектептің директорлары қызметінен босатылған. 21 мектеп директорына қатаң сөгіс түрінде тәртіптік шара көрілді. Және сол аталған мектептердегі құқық бұзушылыққа жол берген есепшілерге қатысты қылместық іс, тергеу амалдары жүргізілуде. – дейді БЕКТҰР ҚАЛИ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ.

Бөлісу:

4.3 4 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
2 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Дулат
Дулат
6 months ago

Өләәә, Жаңа Қазақстан ба әлде ескі Қазақстан ба?

Алмат
Алмат
6 months ago

Аты жөнін толық неге жазбайсыздар, меніңше есімдерін толық жазса халық біліп отырар еді ӘККІ ҰРЫЛАРДЫ. Негізі бұндайларды аямау керек, Кытай халқынан үлгі алу керек.

2
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x