Қызылордада 116 елді мекен кене шағу қаупі жоғары аймақ болып танылды

Screenshot 5

 

 Қызылорда облысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан, яғни аса қауіпті аурулардың қоздырғышын тасымалдайтын кенелер мекендейді. Биыл паразиттер ерте оянып, кене шағу фактілері былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге артып отыр.

Screenshot 4

– Энтомолог мамандардан тұратын 3 арнайы жұмысшы топ құрылып,    239 елді мекенде зоологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде.  Жұмыс барысында 833 сынама зерттеліп, нәтижесінде жануарлардан және далалық жерлерден жиналған кенелердің 24 сынамасынан «оң» нәтиже анықталды.  Ал былтыр 285 сынаманың  5-еуінен оң нәтиже табылған болатын. Кене шағу дерегімен медициналық көмекке жүгінгендер саны да биыл жоғарылап отыр. Атап айтқанда, жыл басынан бүгінгі күнге дейін 11 адам дәрігер көмегіне жүгінген. – дейді Әлия Әбдіқайымова, Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын мал шаруашылығымен, ауыл шаруашылығымен айналысқанда арнайы жұмыс киімдерімен, қолғаптармен жұмыс жасауды, табиғат аясына демалысқа шыққанда кенелерден қорғайтын арнайы репеллентерді пайдалануға, ақ түсті киім киіп, кенелердің болмауына жиі тексеріп тұруды, сақтық шараларын жауапкершілікпен орындауды сұрайды. Сондай-ақ ауру белгілері анықталған бойда жедел медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді.

 

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x