Қызылордада жүзге тарта вагон жөндеуші жалақы сұраймын деп жұмысынан қуыла жаздады

WhatsApp Image 2023 02 15 at 19.42.51

Жұмысшылардың айтуларынша олар Алматыдан төрт жылда бір келетін “АГМ Табыс” ЖШС-нің президентіне мардымсыз айлықтың мәселесін айтпақ болған.  Ал басшы болса, қарапайым жөндеушілермен бір мәмілеге келудің орынына жұмысшыларға “жұмыстан кетіңдер” деп қудалаған. Бұған ашынған көпшілік көшеде тұрып наразылық білдірді, деп хабарлайды “Azattyq-NewsАқпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2023 02 15 at 19.42.52

Алматыдан араға неше жыл салып бүгін басшысымыз келгенде айлық мәселесін айтып арыздандық дейді жұмысшылар. Бірақ президент азаматтардың айтқанын құлағына да қыстырмапты. Тіпті бір тоқтамға келместен, көпшілікті осылай сыртқа куған. Ал айлықты көтерсін дегендердің бәріне “жұмыстан шығасыңдар” деген басшының өктем сөзі вагон жөндеушілерді одан сайын ызаландырды.

WhatsApp Image 2023 02 15 at 19.42.52 1

-Үлкен президент Алматыдан келіп түсті де, кім жұмыс істегісі келмейді воротадан шығыңдар деп ашты өзі есікті. Уволень деді, біз шығып кеттік қалғаны қалды іште – дейді МЕЙРАМБЕК ҚЫСТАУОВ, АҒАШ ӨҢДЕУШІ.

“АГМ Табыс” ЖШС-нің жүздеген жұмысшының негізгі талабы біреу. Ол жалақыларын екі есеге көбейту. Өйткені жұмыстың ауырлығы сонша қыстың қытымыр аязына, жаздың аптабына қарамай вагондарды жөндейміз дейді жұмысшылар . Әрбір тапсырысты орындағаны үшін мекемеге миллиондаған қаражат түседі екен. Соның өзінде қарапайым жөндеушілердің алып жүрген айлықтарының ең көбі 150 мың, ал азы 70 мың теңге ғана екенін айтады. Тіпті кейде бір ай бойы 10 мың теңгеге де жұмыс істеген күндеріміз болды дейді. Айтуларынша бұл мекемеде жұмысшылардың  еңбек демалысына шығудың өзі мұң.

WhatsApp Image 2023 02 15 at 19.42.53

-19-дан бері біз қарық қылып отпускнойымызды да алған жоқпыз. Мына жігіттер біледі ма? Бір жылда 9 күн дейді, екінші жыл өтті 15 күн деді. Одан кейін 20 күн. Қалған ақшамызды көріп жатқан жоқпыз – дейді СӘБИТ ӨМІРЗАҚОВ,ЭЛЕКТРИК

Бірақ бірер сағат бұрын филиал директоры жұмысшылармен бір келісімге келгенін мәлімдеді. Айтуынша ешкімді жұмыстан қудаламайтын болған.

– Тараптармен бір мәмілеге келдік. Ертеңнен бастап мекеме жұмысшыларының көтерілген мәселесіне байланысты жеке-жеке қабылдау жүргізіп, жұмыстар жүргізіп сөйлесіп, мәселе шешіледі ғой- дейді БАҚЫТЖАН БҰҚАРБАЕВ, “АГМ Табыс” ЖШС ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ.

Бұл мәселенің егжей-тегжейін анықтау үшін мекеменің есігін қағып көрдік. Алайда жұмысшылары күні бойы көшеде телміріп тұрған компанияның күзетшілері түсірілім тобымызды кіргізбеді. Ең қызығы, бүгін бас көтерген вагон жөндеушілер мен басшы арасындағы дауға бітім жасауға келген әкімдік өкілдері де мекеменің табалдырығынан әрі аттай алмады.   Ал жалақы сұраймыз деп жұмыстарынан айырылғалы тұрған көпшілік талаптары орындалмайынша осы маңнан кетпейміз деп бекініп отыр.

Бөлісу:

3.8 5 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x