Қызылордада жүзге жуық отбасы қолқаны қапқан қолаңса иіске тұншығып отыр.

S3930001.MP4.Still005

Қаланың шет аймағындағы 90 пәтерлі көпқабатты үйде биылғы жылға дейін пәтер иелері далаға дәретке шығуға мәжбүр болған. Мәселені шешпек болған шенділер биыл екі кәріз құдығын салыпты. Уақытылы тартылмаған нәжіс суы ауланы алып тұрғындардың мазасын қашырған. Ал тазалықшылар демалыс күндері бұл жерге мүлдем жоламайды екен, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

S3930001.MP4.Still013
Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі 5 қабатты тұрғын үй небары үш жыл бұрын ғана модернизациядан өтіпті. Сол уақытқа дейін пәтер иелерінің дәретханалары сыртта болған екен. Себебі бұл баспана орталық кәріз жүйесіне қосылмаған көрінеді. Барлығы айта-айта әкімдіктің табалдырығын тоздырған соң шенділер бұл жерден екі кәріз құдығын қаздырыпты. Тұрғындар ол жұмыстарды сапасыз жүргізілді дегенді айтады.

S3930001.MP4.Still002
– Мынау 86 тұрғынға екі септик қойып кеткен әншейін. Бізді центральный канализацияға қосу керек. Келген кезде үйге тереземізді аша алмаймыз. Кәдімгідей сасып кетеді. Балдарымыз угар болып ауырып жатыр. – дейді ГҮЛАЙЫМ БАЙМАНОВА, ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3930001.MP4.Still001
– Қиналып жатырмыз жаман, не әкім келіп қарамайды. Келіп көрмейді. Ана жақта столда отырады болды. Бір қарау деген жоқ, халықты әбден қинады. – дейді ЫРЫСБАЙ СЕЙДАЛИЕВ, ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3930001.MP4.Still006
Қызылжарма ауылдық округының су жаңа әкімі болса жүзге жуық отбасына не себепті екі ғана кәріз құдығы салынғанын түсінідіре алмады. Басшы болып тағайындалғанына бір-ақ апта болған шенді мәселені шешуге жұмыстар жасап жатырмыз дейді.

S3930001.MP4.Still003
– Проектный сметный документациясы дайын тұр. Дайындалды, шықты, экспертизадан өтіп жатыр. Тендер объявить етеді, ол енді биылға үлгіреміз деп айта алмаймын. Бірақ келесі жылға канализацияның жұмысын толыққанды бір мердігер анықталса сол жасап беретін болады. – дейді ШӘРІП АБДРАХМАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ӘКІМІ.

S3930001.MP4.Still009
Ауыз-мұрнына дейін толып жатқан нәжіс суын жауапты мекеме де уақытылы тартпайды екен. Коммуналдық қызмет өкілдері тіптен демалыс күндері бұл жерді айналып өтсе керек.

S3930001.MP4.Still004
– Сонда біз суббота, воскресенье күндері не істеуіміз керек? Қысып отыруымыз керек па, бірінші күнге дейін күтіп, қалай болады? Олардың еш шаруасы жоқ, мынадай көл болып жатады, үйрек-қаз ұшып. – дейді НҰРМАХАН ҚАЛБАБАЕВ, ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3930001.MP4.Still012
Тұрғындарға алдағы уақытта тек сенбі-жексенбі емес, келесі жылға дейін шыдау керек сынайлы. Себебі жоба сметалық құжаттамасы 400 миллионнан асып жығылатын кәріз жүйесі әкімдердің сөзіне сенсек тек алдағы жылы жүзеге аспақ екен.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x