Қызылорда қаласында кәріз құдығына түсіп кеткен 8 жастағы бала қайтыс болды

WhatsApp Video 2023 11 25 at 17.39.50.mp4.Still003

Қайғылы оқиға бүгін сағат 13:30 шамасында №5 емхананың жанында орын алған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Анықталғаны Балқы базар көшесінде орналасқан медициналық мекеменің алдында 8-10 жас аралығындағы 3 бала ойнап жүрген. Емханаға қарама-қарсы беттегі аялдаманың қасында ашық тұрған кәріз құдығына абайсызда 8 жастағы ер бала құлап кеткен көрінеді. Бала Досан аулының тұрғыны екені белгілі болды. Ол Шанхай мөлтек ауданындағы Байтерек мектебінде 3-ші сынып оқыған.

WhatsApp Video 2023 11 25 at 17.39.50.mp4.Still002

Бірнеше сағаттан бері іздестіру жұмыстарын жүргізген Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері сағат 17:50 шамасында баланың мәйітін тапты.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x