Қызылорда қаласында жасөспірімдер 8 жастағы ер баланы бірнеше мәрте зорлап келген.

WhatsApp Image 2022 06 13 at 14.27.08

“Azattyq-News” ақпарат агенттігіне бұл сұмдық жайт туралы жәбірленген баланың анасы айтып берді.  Айтуынша, 8-9 сынып оқитын балалар 2-ші сынып оқитын ұлына ұялы телефоннан ойын ойнатамын, доп тебеміз  деп салынып жатқан құрылыс жерге апарып, жыныстық әрекеттер жасаған көрінеді.

Зорланды деген 8 жастағы баланың анасы бұл сұмдық жайлы білгеніне бір апта уақыт болыпты. Үйінде ойнап отырған балалар бір мезетте тым-тырыс болып қалған. Не болғанын білмек болып балалардың бөлмесіне кірген аналары көрген көріністен шошыныпты.

00000.MTS .Still001

– Кішкентай інісін шақырып, өзінін жыныс мүшесін сор деп жатқанын естіп қалып, мен шоковый состояниеде болдым. Атып тұрдым да екі балаға қатты ұрысып, сендер бұны қай жақтан үйрендіңдер, қайдан білдіңдер дегенімде үлкен балам айтқан жоқ. Кіші балам 6 жастағы ағаға осындай нәрсені Мағжан деген бала істеп жүр көрші бала деп, барлығын іс-қимылмен көрсетіп берді. – дейді зорланған баланың анасы.

Сәлден соң үлкен ұлы жылап тұрып барлығын айтып беріпті. Көршісі бастаған 8-9 сынып оқитын балалар жеткіншекке ұялы телефон ойнатамыз деп, құрылысы бітпеген үйлерге бірнеше мәрте  апарған көрінеді. Сол жерде өз ойларына келгенін істеп, ойын баласын ешкімге айтпа деп қорқытыпты. Болған жағдайға қатысты зорланған баланың анасы полицияға арыз жазған. Алайда бір күн өткен соң тергеушілер істі жауып тастады дейді жеткіншектің анасы.

00000.MTS .Still003

– Мен РОВД-ға барғанымда Дауылбаев алдымнан шығып, іс осылай қысқартылды деді. Не үшін дегенімде “балалар кәмелет жасына толмаған тек әке-шешесіне айып пұл саламыз осындай МРП”-деп,маған қолыма шешімді шығарып берді Дауылбаев деген тергеуші. – дейді зорланған баланың анасы.

00042.MTS .Still001

Бұл жауапқа қанағаттанбаған анасы полицияға қайта қайта арыз жазыпты. Ондағылар  қазір тергеу жүріп жатқанын растады.

Screenshot 4

 ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІҢ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНҒАН

Зорланды деген баланың анасы тергеу іс-әрекеттеріне көңілі толмай отыр. Қозғалған қылмыстық іс бойынша кінә дәлелденген жағдайда зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған жасөспірімдердің ата-аналары тек әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл ғана төлейді екен. Кішкентай балаға қиянат жасағандар міндетті түрде қылмыстық жауапқа тартылуы керек дейді жәбірленуші тарап.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x