Қызылорда қаласында 2 жастағы бүлдіршін саусақсыз қала жаздады

WhatsApp Image 2023 10 05 at 12.07.00

Кешкі мезгілде көп қабатты тұрғын үйдің алаңында ойнаған Ернар Ораловтың кішкентай саусағын сырғанақта қаңылтыр кескен. Шырылдаған ұлын үйіне апарған анасы жарықта баласының сол қолындағы кішкентай саусағының бір бөлігі жоқ екенін байқапты. Баланың ата-анасы бұл жағдайға жергілікті атқа мінер басшыларды кінәлап отыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

S3950001.MP4.Still009

Оқыс оқиға 2 қазан күні Қызылорданың сол жағалауындағы көпқабатты үйлерінің бірінде орын алды. Ауладағы тозығы жеткен ойын алаңына Ернардың анасы күнде амалдың жоқтығынан кешкісін барамыз дейді. Басқа ойын балаларына еліктеген Ернар сол күні сырғанақта ойнамақшы болған. Бүлдіршін сырғанақтан төмен түскен кезде қолы темірдің арасына қысылып қалып, кішкене саусағының терісі жұлынып кеткен.

S3950001.MP4.Still001

– Қан атқылайды ана жерде. Қараңғы, дворда свет жоқ. Төрт жыл болды свет вообще жоқ. Фонарик жақтық, мен ойладым кішкене ғана қанап қалған шығар деп. Қан тоқтамай үйге барсам, жабайын десем жоқ мына саусағы, шыңғырамын. – дейді ӘСЕЛ ОРАЛОВА, БҮЛДІРШІННІҢ АНАСЫ.

S3950001.MP4.Still008

Көргенінен шошынған Ернардың анасы дереу жедел-жәрдем шақыртқан. Қансыраған екі жасар баланы дәрігерлер облыстық балалар ауруханасына жеткізіпті.

S3950001.MP4.Still003

– Сол күні шұғыл түрде саусақ басының терілік дефектісін сақтау мақсатында итальяндық әдіс бойынша саусақ-алақандық  анастомоз отасы жасалды. – дейді ЖЕҢІСБЕК КАРБОЗ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ.

S3950001.MP4.Still007

Баланың жағдайы бүгінде бір қалыпты. Дегенімен дәрігерлер Ернарға 15 күннен кейін екінші ота жасмақшы. Ал саусақсыз қала жаздаған бүлдіршіннің анасы болған жағдайға жергілікті билік өкілдерін кінәлап отыр. Мұны сол үйдің басқа тұрғындары да растап отыр. Айтуларынша ойын алаңынан да бөлек аулада кемішіліктер көп екен.

S3950001.MP4.Still004

– Балаға жасалған ойын алаңынан ақшаны жемей, сапалы түрде жасаса екен. Мына жерде шұңқырды көрсеңіздер. Ол жерде қаншама машиналар соғылды және балалар қараңғыда жүрген кезде кәдімгідей құлап жатады. Аяғы қалып қойып неше түрлі жағдайлар болып жатады. – дейді ВЕРА НЕСТЕРОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3950001.MP4.Still002

Бұл 2 жасар Ернарды саусақсыз қалдыра жаздаған ойын алаңының бүгінгі сыйқы. Жауаптылар өз кемшіліктерін жасырғысы келді ма мына жерде тұрған сырғанақты ысырып, орнына ағаш тақтайды шегелеп тастапты. Шенділер не себепті олай жасағандарын түсіндірмеді. Ал Ернар Ораловтың анасы болса ауруханадан шыққан соң құзырлы органдарға арыз жазбақ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x