Қызылорда қаласында 18 жастағы бойжеткен көпірден секіріп қайтыс болды

Screenshot 1

Оның өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды “Azattyq-News”  Ақпараттық агенттігі.

Полиция қызметіне кешкі сағат 22:00 шамасында Қазыбек би мен Қазантаев көшелеріндегі аспалы көпірден қыздың секіріп кеткені туралы хабарлама келген. Өкінішке орай, қызметкерлер оқиға орынына жеткенде бойжеткен бақилық болған.

“Аталған дерек бойынша ҚК-нің 105-бабының 1 – бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті  сараптамалар тағайындалды”, – деп мәлімдеді полиция департаментіндегілер.

Алайда құзырлы орган өкілдері бойжеткеннің қайда оқитыны немесе жұмыс істейтіні туралы мәлімет бермей отыр.

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x