Қызылорда облысында кенеден 4 адам бақилық болды.

60b1a4ee5da42

Сыр өңірінде Конго- Қырым геморрагиялық қызбасы биыл ерекеше өршіп тұр. Аталған инфекцияның қоздырғышын тасымалдайтын иксодты кенелердің Қызылорда облысында 16 түрі мекендейді екен. Сол себепті кене шағу фактілері былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан. Мамандар Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының жаңа микроошақтарын анықтау мақсатында 40 мың данадан аса кенені жинап, зерттеген көрінеді. Барлығы 4527 сынама зерттеліп, 127-нен оң нәтиже анықталған. Нәтижесінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 33 күдікті жағдайы тіркелді. Ауыр жағдайдағы 14 адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Кене шағып қайтыс болғандардың үшеуі 50-ден асқан ерлер болса біреуі 11 сынып оқушысы екен.

DSC 9364.MOV.Still001

– Жыл басынан бері нақтыланған 14 жағдайдың өкінішке орай төртеуі адам өлімімен аяқталып отыр. Олар Жалағаш ауданы, Шиелі ауданы және Қызылорда қаласының тұрғындары. Жалпы Конго-Қырым гемаррагиялық қызбасын жұқтырған науқастармен байланыста болған 211 адам медициналық бақылауда болды. Олардың арасынан осы аса қауіпті ауру анықталған жоқ. Жалпы ауру ошақтарына этномологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қорытынды дизенфекциялау жұмыстары жүргізіліп отыр – дейді АЙМАН ЖАНАХАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ САНТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x