Қызылорда облысында дауылдың салдарынан жиырмадан астам ғимаратқа зақым келді.

20230401 162512.mp4.Still002 scaled

Олардың қатарында білім беру ұйымдары, ауыл әкімдіктері мен мәдениет үйлері бар. Соққан дауылдан облыс орталығында екі көпқабатты үйдің шатырлары тұтастай ұшып кетті. Тұрғындардың бірі бұл табиғаттың тосын сыйы десе екіншілері бұл жайтқа құрылысшыларды кінәлап отыр, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпарагттық агенттігі.

20230401 162512.mp4.Still001

Шаһардағы Торайғыров көшесінің бойында орналасқан №59 көпқабатты үйдің шатыры сенбі күні азаннан қозғала бастаған. Ақыр соңы түсте опырылып аулаға түскен. Айта кетейік бұл 24 пәтерлі тұрғын үй былтырғы жылы ғана модернизациядан өткен көрінеді. Пәтер иелері күрделі жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілгеннен бір жылға жетпей шатырсыз қалдық деп налиды.

20230401 162512.mp4.Still003

– Балалар болғанда қандай оқиға болатын еді? Қырылып қалатын еді барлығы, балалардың барлығы осы аулада ойнайды.- дейді САБИЛЯ ТУМЫРЗАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

20230401 162512.mp4.Still004

-Қаққан шатыры басынан дұрыс болмады. Көңілге қонымсыз, қанша квартира қаншама ақша төлейміз. 47 миллион ақша бөлінген дейді осы жұмысқа, татымайды оған. Қаққан шегелерінің өзі дұрыс емес. – дейді НҰРГҮЛ ОМАРОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

20230401 162512.mp4.Still010

Тұрғындар шатырдың ұстап тұрған сымның қалындығы тым жұқа дгенді айтады. Айтуларынша тіптен ағаштың кейбір жері жіппен тартылған көрінеді.  бұдан қалындау болуы керек сөздің шындығы. Ал, үйді күрделі жөндеуден өткізген мердігер болса бұл жайтқа керісінше тұрғындарды кінәлап отыр.

20230401 162512.mp4.Still005

– 160 стропиланың 80-і тартылған. Сымның барлығын ауыстырып, орнына мынадай жаман сым салып кеткен. Сымдарды қиып-қиып алып кеткен аллюминийге өткіземіз деп. Содан барып мына жел көтеріп жіберіп тұр. –дейді ҒАНИ ӘЛИЕВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

20230401 162512.mp4.Still011

Бұл үйден бөлек Қызылорда қаласында Титов қыстағындағы тағы бір екі қабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті. Онда да модернизация жұмыстары бір-екі жылдың көлемінде ғана жүргізіліпті. Әкімдіктегілер екі жағдайды да зерттеп жатырмыз дегенді айтады.

20230401 162512.mp4.Still006

– Әрі қарай келісім шартқа сәйкес ол үйлердің шартты мерзімі болады сол мерзімдері өтпеген жағдайда сол мекмелердің тарапынан өтелуі тиіс. Егер сапасыз атқарылған болатын болса мәселе мердігерлердің жауапкершілігі үшін мердігерлер тарапынан атқарылуы тиіс деп ойлаймын. – дейді АҒАЙША СМАТОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ АЛДЫН-АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

20230401 162512.mp4.Still013

Жалпы облыс бойынша қатты желден барлығы 24 нысанға зақым келтірілген екен. Мектеп пен әкімдіктерден бөлек 40-тан астам электр бағаналарының тоғы үзілген. Ал Қазалы ауданындағы жылы орталығының  мөржесі екіге бөлініп қалды. Аудандық жылу орталығына қарасты 40 метрлік мөржені жөндеу жұмыстары басталып кетіпті. Желдің жылдамдығы 18-24 метр секунд болғандықтан бүгін бастауыш сыныптарға қашықтан оқыту ұйымдастырылды. ҚазГидромет мамандары болса дауыл 5 сәуірге дейін жалғасын табады деп айтуда.

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x