Қызылорда облысы ана өлімі бойынша бірінші орында

Screenshot 7

Бұл жайында Қызылорда облысының  әкімдігінде өткен жиында  сөз етілді.  Өңірге келген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі аймақта ана мен бала денсаулығын сақтаудағы кемшіліктерді сөз етті. Сыр өңірінде ана мен бала өлімінің  көрсеткіші  жиілеп барады. Оған дәлел өткен жылы  4 айда бір жасқа дейін 39 шақалақ шетінесе биылғы 4 айда 74 бала өлімі тіркелген. 

Бүгінде Қызылорда облысында 10 мыңнан аса жүкті әйелдер бар екен.   Есепте тұрған жүктілердің тек 20 пайызында еш ауруы жоқ. Болашақ аналарға тиісті деңгейде медициналық көмек көрсетілмей келеді екен.  Статистиканың көңіл көншітпейтінін сөз еткен министрліктен келгендер жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшылығына сын айтты.

Screenshot 8

– Сіздердің айтатын жауаптарыңыз акушер-гинеколог  жоқ дейсіздер. В тоже время заявка ноль. Сіздерге маман керек болса неге заявка түспеген? Денсаулық сақтау басқармасы осы мәселеге көңіл аударыңыздар. Неге бала өлімі бір жасқа дейінгі 15,2 пайызға дейін жоғарылады? 2022 жылы Қызылорда облысы ана өлімі бойынша бірінші орында.  – деді Шакизат Халықова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен Бала денсаулығын сақтау басқармасының басшысы.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x