Қоршауда қалған жандар

S3650002.MP4.Still009 1

Қызылорда қаласында 5 отбасы өркениеттен қағылып, қоршауда отыр. Тұрғындар үйлеріне аман-есен жету үшін мекемелердің темір қақпаларынан өтініш айтып өтеді екен. Екі күннің бірінде айқай шу дейді олар. Ал мектеп жасындағы балалар болса темір жолдың бойын жағалауға мәжбүр, деп «Azattyq-News» Ақпараттық Агенттігі.

S3650002.MP4.Still003

Сәуле Өмірбекова бұл жерде 40 жылдан бері тұрып келеді. Алғашқыда бұл үйлер теміржолшыларға берілген. Тоқсаныншы жылдары жұмысшылар үйлерін жекелендіріп алған көрінеді. Ал мәселенің барлығы 2002 жылы басталған. Бұл жерден теміржолға қатысты мекемелер салынып, тұрғындар қоршауда қалыпты.

S3650002.MP4.Still005

– 21 ғасыр, кең Қазақстан! Қазақ елінде біз ұқсап ешкім өмір сүріп жатқан жоқ! Ешқандай әкімнің баласы, ешқандай депутаттың баласы мұндай жағдайды көріп отырған жоқ. Мына жақта ворота салып тастаған, продуктыны қырғын айқаймен ашып кіргіземіз. Такси дегендер біздің адресті естігенде зар илейді.- дейді СӘУЛЕ ӨМІРБЕКОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3650002.MP4.Still004

Мекенжайды естіп, зар илейтіндердің қатарында жедел жәрдем қызметі бар. Дәрігерлер вагон депосы мекемесінің темір қоршауына дейін ғана келе алады екен.

S3650002.MP4.Still006

– Менің иығым ойнамалы. Мен скорыйды бұл жерге шақыра алмадым. Адресті білмейді толық скорыйдағылар, мен анау Шымбай банясының қасына барып сонда күттім. Сол жақтан больницаға барып салдырдым. – дейді КӘМШАТ СЕРІКБАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3650002.MP4.Still008

Тұрғындар осылайша жиырма жыл өмір сүріп келеді. Айтуларынша әсіресе балалардың мектепке қатынауы қиын көрінеді. Ойын балалары жол қысқартпақ болып, темір жолдың бойымен жүрсе керек. Күніне өтетін 40 жүк пойыздарын айтпағанда мұнда жыландар жетерлік дейді тұрғындар. Рельстің дәл түбінде орналасқан үйлер де бірнеше тонналық темір жол көліктерінің жүрісіне шыдас бермейді екен.

S3650001.MP4.Still002

– Каждый поезд жүрген сайын ана гарнитур дүрс-дүрс қозғалады. Потолок тағы құлады. Мынау  қабырға трещина беріп тұр, көріп тұрсыз ба төбені? – дейді ЖАНАР ҚҰРАҚБАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3650002.MP4.Still013

Тұрғындар 2018 жылы арыздарын арқалап, Қызылорда қаласының әкімдігіне барыпты. Айтуларынша шенділер тұщымды жауап бермепті. Біз де сұрап көрдік, ақ жағалылар бұл мәселенің тек бір шешімі бар дегенді айтады.

S3650002.MP4.Still012

– Ол кісілердің тарапынан істелетін жұмыс сол үйді апатты деп танып, лицензиясы бар мекемелер бар, акредиттелінген,сол мекемелер тарапынан құжаттарды рәсімдеу керек. Сосын бізге келіп өткізеді. – дейді ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ.

S3650002.MP4.Still011

 Апатты деп тану үшін тұрғындар бірінші кезекте жеке сарапшыларға жүгінулері қажет екен. Әкімдіктегілер содан соң бұл тұрғындарды пәтер кезегіне қоямыз деп уәде етті. Айта кетейік «апатты үй» деп танылып, жаңа пәтерге өз кезегін күтіп отырған қазір 500 қызылордалық тізімде бар екен.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x