Қазақстандықтар қайтадан маска тағады

958b26eb690aa164e319bc86cb9fff23

Мемлекетіміздің бас санитарлық дәрігері тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды «Азаттық-Нью» Ақпараттық агенттігі.

Қаулы COVID-19, қызылша, тұмау сияқты ауа-тамшы арқылы жұғатын аурулардың таралуының алдын алу мақсатында қабылданған.

«Облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары медициналық ұйымдарда қызметкерлер мен келушілердің медициналық бетперде киюін, антисептиктердің болуын қамтамасыз етсін», — делінген ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНДА.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, облыстардың ішінен Алматы, Астана, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға халық көп жиналатын орындарда бетперде кию ұсынылаған. Сондай-ақ, әуежайлар, вокзалдар, автовокзалдар, базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер және басқалар, көліктің барлық түрлерінде – қоғамдық көлікте, әуеде, теміржолда.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x