Қармақшыда тұтастай бір ауылдың егіні су астында қалды.

S3880013.MP4.Still001

Қызылорда облысында егінге орақ түскеніне бір аптадай уақыт болды. Ал, Қармақшы ауданына қарасты Ақтөбе ауылында күріш алқаптары әлі күнге дейін суға бастырылырып тұр. Диқандар бұл жағдайға жергілікті билік өкілдерін кінәлап отыр. Себебі суды ағызуға қашыртқы каналды белгісіз біреулер тас қылып жауып тастаған көрінеді. Атыздардағы судан дақыл көгеруге сәл-ақ қалған. Егіншілер жақын арада күріш жинап алмасақ тұтастай ауылдың жағдайы тым нашарлайтынын айтады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

S3880001.MP4.Still001

Қармақшы ауданына қарасты Ақтөбе ауылында екі жарым мыңға жуық халық бар. Тұрғындардың күн көріс көзі – егіншілік пен мал шаруашылығы болып есептеледі. Барлық ауыл-аймақ, елді-мекендер күріш дақылдарын орып жатқан кезде мұндағы жұмыс толықтай тоқтап тұр. Ал, мыңға жуық гектар егін суға бастырылып тұр. Диқандар бұл мәселе жақын арада шешімін таппаса жағдайымыз мүшкіл болады дегенді айтып налиды.

S3880013.MP4.Still002

– Күріште су жатыр, ешқайда шығып жатқан жоқ. Мына сбросной каналдың барлығы толып тұр. Судың барлығы мында ағып жатыр. Біздің уайымымыз, күріштен су қашан шығады?  Қай кезде орамыз?  Шаруашылықтың шығысына кім жауап береді? Біз қай кезде айлық аламыз? – дейді АСҚАР ТАТИЕВ, АҚТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3880013.MP4.Still003

– Бұл күрішке 3-4 күнде орақ түсетін жер енді бұл 20-25 күнсіз орақ түспейді. Сонда бұл биыл сентябрь айы жаңбырлы болады деп тұр, октябрьге ұласса бұл жерден ешқандай өнім ала алмайды. Осыған кім жауап береді? – дейді ҚАЛАБЕК ШАБАҚОВ, АҚТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3880001.MP4.Still003

Күріштікке келетін қашыртқы 2-ші шілдеде белгісіз біреулермен бөгелген көрінеді. Диқандар мұнын барлығы қасақана жасалғандығын айтады. Себебі су жолын екінші рет ашылмайтындай қылып арнайы техникамен көмген көрінеді. Шаруа қожалықтағылар көмек сұрап аудан әкімдігіне барыпты. Ондағылар құр уәдемен шығарып салса керек.

S3880013.MP4.Still004

– Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары бөліміне бардық, ауданның әкіміне төрт рет кірдік. Ішкі істер бөліміне арыз тастадық, ешқандай нәтиже болып тұрған жоқ. Бәрінен жауап келіп тұр, ешқандай нәтиже жоқ. Сол қалпында қалып тұр, өзгеріс жоқ. – дейді ӘЛІШЕР МАХАНОВ, «ОҢТАЛАП» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-МЕХАНИГІ.

77875

Осылайша 4 мәрте диқандарды қабылдаған аудан әкімі бір жарым ай уақытта мәселені шешуге ықпал жасамапты. Ауыл шаруашылық бөлімі болса қашыртқыны кім бөгегенін таптық деп ақталды. Ал, судың ортасында қалған шаруа қожалықтың мәселесін жақын арада шешіп беруге уәде етті.

S3880013.MP4.Still005

– Оны жаптырып тастағаннан кейін енді тиісті облыстан комиссия келді, экология департаментінен, земельный инспекциядан келіп ол кісіге қазір мемлекеттің тиісті заңды шарасын көріп жатыр. Жұмысы ашылып тұр, енді судың тартылғанын күтеміз енді. Әрі кетсе 5 күн бір аптаның көлемінде орақ түседі деген ойдамыз. – дейді ӘСЕТ ОМАРОВ, ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ.

S3880001.MP4.Still004

Алайда бұл оймен диқандар келіспей отыр.Себебі бір аптада атыздар судан арылса, тағы да жердің кебуіне уақыт керек дегенді айтады. Мәселе жақын арада шешімін таппаса Ақтөбе ауылының тұрғындары сотқа жүгініп, әділдік іздемек.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x