Қаңтар оқиғасының күйін қайта кештік!

02

“Azattyq News”  ақпараттық агенттігіне Саяхат мөлтек ауданының тұрғындары арызданды. Тұрғындар бір аптаға жуық уақыттан бері ұялы байланыссыз отырған көрінеді. Осының салдарынан олар бір қатар қиындықтарға тап болыпты. Атап айтсақ, байланыстың болмауы балалардың оқуына үлкен кедергі болыпты.

Қызылорда қаласының Саяхат мөлтек ауданында қырықтан астам көше бар. Тұрғындардың айтуынша мұндағы ұялы байланыс бұрындары да нашар болыпты. Бірақ соңғы 5 күнде байланыс мүлдем өшіпті. Саяхаттықтар бұл жағдайға түрмені кінәлап отыр.

03

– Қаңтардың 5-нен 10-на дейін телефонымыз қандай болды дәл сондай. Тек сурет көретін, ойнайтын ойыншық болып тұр. Ешкімге звондай алмаймыз, ешкім бізге звондамайды. Интернет туралы мүлдем әңгіме жоқ. Бұның барлығын кесірі біздің мөлтек аудандағы түрменің кесірі. Жаңадан заглушка қойды дейді. Жұмыста отырмыз иә баланың сабақтан келгенін біле алмаймыз, иә оның кеткенін біле алмаймыз. – дейді ҚАРЛЫҒАШ ӘБДІКӘРІМОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

04

– Байланыс жүйесінің болмағанына бір аптадай уақыт болды. Қиыншылығын көріп жатырмыз. Ол түрме өздеріне қойсын заглушкасын. Телефон алып кіреді ма, кірмейді ма біздің шаруамыз жоқ. Мынау халықтың жағдайын шамалы жасау керек қой, ойлау керек. Жедел жәрдем деген құдай сақтасын хабарласа алмаймыз, алынбайды да салынбайды да. Шет аймақ емес, қаланың қақ ортасы. Жаңа Қазақстан дейді, ұят қой мынау! – дейді ЖАНАТ БАЛЖАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

.mpg.Still006

Ал, түзеу мекемесі болса жаңадан байланысты үзетін қондырғыны орнатқан жоқпыз дейді. Бірақ бұрынғы қондырғыдан ақау кетуі мүмкін деп болжады.

06

– Ұялы операторлармен бірлесіп, жергілікті байланыс инспекциясымен бірге осы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сыртқы сүйемелдеу настройка-наладка жұмыстары. Бір апта он күндей болды мамандардың қатысуымен осы жұмыстар жүргізіп келеді. Бізде заглушка бұрыннан бар. Ішкі Істер министрлігінің бұйрығына сәйкес түзеу мекемелері ұялы байланысты шектейтін құрылғылармен қамтамасыз етілуі керек. – дейді ЖАРАС АУЕШОВ, №60 МЕКЕМЕ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бөлісу:

4.3 3 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x