Қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнын тастап кеткен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің басшысы 7 жылға сотталды

1604673141 kalejimas 78639411

Қызылорда облысы бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бұрынғы басшысы Аслан Рахимов соттың алдында жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі.

Сот процесінде экс-подполковникке ҚР Қылмыстық кодексінің 362 бабының 4 бөлігімен, яғни «Билікті немесе лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану» бабымен айып тағылған. Тергеу барысында Ұлттық Қауіпсіздікке жауапты басшы Қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орның тастап кетіп, негізсіз Байқоңыр қаласына кетіп қалғаны анықталды. Сонымен қатар ол қаладағы тәртіпсіздіктерді көре тұра өз қызметкерлеріне арнайы тапсырма бермей, барлығын үйлеріне қайтарып жіберген.

Соттың үкімімен Аслан Рахимов жоғарыда аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды. Ендігіде одан подполковник әскери шені де жойылады. Сонымен қатар экс-басшы алдағы уақытта құқық қорғау және мемлекеттік мекемелерде лауазымдарды атқара алмайды.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x