Полицей күйеуінен таяқ жеген келіншек 3-ші қабаттан құлады

Screenshot 6

Сұмдық жайт Қызылорда қаласының Арай мөлтек ауданында орын алған. Таңғы бес шамасында көпқабатты үйлердің пәтерінің бірінде отбасылық жанжал болып, ақыр соңы 21 жастағы келіншек 3 қабаттан құлап кетті.  Зардап шеккен Арунаның анасы болса бұл жағдайға күйеу баласын кінәләп отыр.

Қызылорда Полиция департаментінің басқармаларының бірінде жұмыс істейтін күйеу баласы жақында ғана майор шенін алған көрінеді. Соны тойлап жүрген полицей үйіне келіп, айқай-шу шығарыпты. Мұнымен шектелмеген ол өз әйеліне жұдырығын жұмсаған. Қашар жері қалмаған Аруна балконға келіп тығылыпты.  

S3320001.MP4.Still002

– Банкімен басымнан ұра берді деді. Ұра берді, ұра берді одан қалды қылғындырды деді. Қолына түскен затпен ұра берген ғой. Көршілерді шақырған, таңғы 4-5-терде тәтті ұйқыда жатады қой. Ешкім келе қоймаған. Терезелерді ашып айқайладым деді. Сол терезеге барғанда сондай жағдай болып тұр ғой енді. – дейді НАЗЫМ ТӨЛЕГЕН, АРУНАНЫҢ АНАСЫ.

Осыдан кейін Аруна 3 қабаттан құлап кеткен. Әр түрлі ауыр дене жарақатын алған келіншек облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесінен бір-ақ шыққан. Қызылорда облыстық Полиция департаменті қазіргі таңда тергеу жүргізуде.

WhatsApp Image 2022 11 18 at 11.17.26

Зардап шеккен Арунаның анасы  күйеу баласы бұрындары да өз жарына қол жұмсаған дейді. Осының салдарынан жас отбасы заңды түрде ажырасып үлгеріпті. Арунаның отбасы соққыға жыққан полиция қызметкері жауапқа тартылмай қалады ма деп қорқып отыр.

S3320001.MP4.Still003

– Адам емес адамдар. Талап етемін заң жүзінде жазасын алсын! Білгенінді істе деді. Менің балам мына жақта жатыр басын көтере алмай кеудесін көтермек түгілі. – дейді НАЗЫМ ТӨЛЕГЕН, АРУНАНЫҢ АНАСЫ.

S3320001.MP4.Still004

Аруна әлі күнге дейін облыстық ауруханада емін алып жатыр. Алған соққылардың қатты болғаны соншалық келіншектің ішіндегі 7-8 апта болған сәбиі шетінеп кетті.

Ақ халаттылар науқас болашақта мүлдем сал болып қалуы мүмкін дейді.

S3320001.MP4.Still005

– Екі аяғы істемейді және жамбас, қуық органдары жұмыс істемейді. Ол жұлынның зақымдалуына байланысты. Жұлын ол арада қайта тігілмейді, езіліп кеткен. Сондықтан барлығына ем жасалады. Бірақ тұрып жүріп кетесін деген үміт аз. – дейді ШЫНЖЫРБАЙ ОРАЗМАХАНҰЛЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Бөлісу:

2.5 4 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Гани
Гани
1 year ago

Алла шипасын берсін. Өте қиын жағдай. Күйеуі ішкі істер мекемесінде қалай жұмыс істеді екен? Екі адамнің өмірі кетті ау.

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x