Отбасымызды асырау үшін ломбардқа алтындарымызды өткіздік!

ischod.mp4.Still001

Қызылорда облысында тұтастай бір ауданның тәрбиешілері екі айдан бері еңбекақыларын ала алмай келеді. Жаңақорған ауданында жүзден астам мемлекеттік және жеке балабақшаның жұмысшылары ақпан мен наурыз айларының жалақысын көрмепті. Осының салдарынан белшене қарызға баттық дейді олар. Отбасымызды асырау үшін күміс пен алтындарымызды ломабардқа өткіздік деген тәрбиешілер мұның барлығына аудандық білім беру бөлімін кінәлап отыр, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі.

ischod.mp4.Still002

– Қарыз емес адамымыз қалмады. Иә қолымызда иә құлағымызда қалмады ешнарсе. Бәрін ломбардқа, одан қалса кредитке барып төледік.

Жаңақорған ауданында 26 мемлекеттік және 82 жеке балабақша бар екен. Барлығы дерлік екі айдан бері жалақыға қол жеткізе алмай отыр. Тәрбиешілер мұның барлығы балабақшалар аудан әкімдігінен аудандық білім бөлімінің теңгеріміне өткеннен басталды дейді. Бастапқыда еңбекақыларын әр айдың соңында алса жүйе өзгерген соң келесі айдың ортасында алатын болыпты.

ischod.mp4.Still003

– Үшінші айға кетіп бара жатыр ешқандай зарплатамыз жоқ. Тамақ басқасы былай тұрсын біз квартирада тұрамыз мысалы, бір ай мақұл түсінеді, екі ай түсінер үшінші ай ертең төленбесе бізді шығарып жібереді. Біз қайда барамыз? – дейді ЗАМИРА ТЕЛНАЗАР, ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ

ischod.mp4.Still004

– Толығымен айдың соңында түсіріп беру керек қой негізі. Үлкендер жоғарыда отырып алып, өздерінің қалталарын ғана ойламай жалпыға бірдей қарау керек ғой. – дейді ЖАЙНА САЙФОЛЛАЕВА, ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАНЫҢ ӘДІСКЕРІ

Жаңақорған аудандық білім бөліміне біз де бардық. Алайда бөлім басшысын таба алмадық. Бір білгеніміз ауданның бас ұстазы істі болып жатыр екен.

ischod.mp4.Still005

– Құрметті ұстаздар, нақ қазір айлықтарыңызды нақты бүгін-ертең ала аласыздар деп айта алмаймын. Себебі білім бөлімінің басшысына қатысты көптеген іс-әрекеттер болып жатыр. Мен нақтысын айта алмаймын. Тергеу амалдары жүріп жатыр –дейді ОРАЗҚОЖА ҚҰРБАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ

ischod.mp4.Still008

 Үш жеке балабақшаның заңды өкілімін деп өзін таныстарған Оразқожа Құрбанов осындай мәлімдеме жасады. Басшының жоқ екенін аудандық білім беру бөліміндегілер де растады. Айтуларынша бұл мәселе басшысыз еш шешілмейтін көрінеді.

ischod.mp4.Still006

– Міндетін атқарушы тағайындалсын сосын барып шешіледі мәселе. Яғни, қазіргі таңда басшы жоқ па? Басшы болмай тұр. Комментарий бере алмаймын ешқандай –дейді ЕРБОЛ ӘЛМЕНОВ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

ischod.mp4.Still007

 Аудандық білім беру бөліміндегілер балабақша қызметкерлеріне нақты қанша сома қарыз екендерін де айтпады. Мамандар жиналғандарға еңбекақыларын жақын арада түсіріп береміз деп уәделерін берді. Алайда тәрбиешілер бұл сөздерге сенімсіздікпен қарап отыр.

Бөлісу:

2.3 3 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x