Өлім мен өмірдің арасында жүрген мүгедек жандар денсаулық сақтау министрінен көмек сұрайды!

Өлім мен өмірдің арасында жүрген мүгедек жандар денсаулық сақтау министрінен көмек сұрайды

Қызылорда облысында І-ші топ мүгедектері өмір үшін арпалысып келеді. Арал қаласында созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан жандар аудан орталығында гемодиализбен айналысып жатқан жеке емхананың жұмысына көңілдері толмайды. Айтуларынша, бұл медицина орталығында дәрі-дәрмектер толық берілмейді екен. Ал, ем көне медициналық қондырғыларда жасалса керек, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі.

S3680001.MP4.Still009

Жеткерген Ерешов 2017 жылдан бері бүйрек жетіспеушілік ауруына шалдыққан. Ал, диалезді 2020 жылдан бастап қабылдайды екен. Бұл ем бүйректің дұрыс жұмыс істеуіне бейімделген. Ақсақал осы процедураларды алу үшін аудан орталығынан 60 шақырым жерден арнайы келеді. Емхананың жағдайы тым ауыр болғандықтан ем алу үшін көрші облысқа кетіпті.

S3680001.MP4.Still008

– Кәдімгі сквознякта жаттық, мына жақтан есік мына жақтан есік қысы-жазы. Соған шыдай алмай мен кетіп қалдым. Үш ай бойы емді Ақтөбеде өткізіп келдім. – дейді ЖЕТКЕРГЕН ЕРЕШОВ, СЕКСЕУІЛ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3680001.MP4.Still010

Арал ауданында бүйрек ауруымен тіркелген науқастардың саны 55 болса, оның 32-сі күнара осы гемодиализ алуы керек екен. І-ші топ мүгедектері емге арнайы инвотаксиімен қатынауы тиіс. Науқастар ол игілікті соңғы 1 айдан бері көрген жоқпыз дейді. Онымен қоса орталықта дәрі-дәрмек те тапшы көрінеді.

S3680001.MP4.Still003

– Көмек жоқ бізде. Ребоксин деген дәрілер салынуы керек.Олар бізде бірде бар бірде жоқ. Витаминдер салынуы керек басқа қалаларда бар, бізде витамин жоқ. Протокол бойыншы алынып тасталған деді. – дейді ИНДИРА ЖОЛМЫРЗАЕВА, АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3680001.MP4.Still002

– Бұлардың мақсаты адам келсе, даже сау адамды бүйрегі ауырды десе әкеліп, жатқызып тастайды. Неге дейсіз ғой, әр пациенттен ақша түседі. Сол үшін жұмыс істеп тұрған нәрсе. Аппараттары жайлы айтып жатыр, аппараттары вообще бір Африкаға ма апарып тастайтын аппараттар. – дейді НҰРСҰЛТАН САРЖАНОВ, АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3680001.MP4.Still006

Жеке орталықтың дәрігерлері дәрі-дәрмек пен дәрумендердің жоқтығын өздігінше түсіндірді. Айтуларынша, олар министрдің бұйрығына сәйкес протоколдан алынып тасталған көрінеді. Сол себепті мұқтаж азаматтар витамин алғылары келсе өздері үйінен әкелуге міндетті. Техникалардың көнелігіне қатысты да пікір білдірді.

S3680001.MP4.Still005

– Особый қатты ақаулары жоқ. Өйткені бұл аппараттар өздерін қызметтерін безсрочно кеткен. Егер кішкентай бір жері бұзылатын болса Астанадан Қызылорда арқылы доставка жасайды. Мед.техниканы обслуживать ететін өзінің адамы бар. Өзі келіп ауыстырып береді. – дейді АЛДАБЕРГЕН СҮЛЕЙМЕНОВ, «BB NURA» ЖЕКЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ.

S3680001.MP4.Still011

Аралдың бас дәрігері болса емхана жеке болғаннан кейін ешнарсе бұйыра алмаймыз дегенді алға тартады. Тіптен өздері кейбір уақытта ондағыларға сараптама жасау үшін өтініш айтады екен. Себебі  80 мыңнан астам халқы бар Арал ауданында нефролог дәрігері жоқ.

S3680001.MP4.Still004

– Ауданда осы уақытқа дейін нефролог болған. Бір жарым жылдай болды денсаулығына байланысты инсульт алып, инвалидностьқа шығып кетті. Біздің тарапымыздан нефролог маманы іздестіріліп жатыр. Жұмыс жасап жатырмыз. – дейді МАРАТ РШЫМБЕТОВ, АРАЛ АУДАНАРАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ.

S3680001.MP4.Still007

Науқастар жеке емханадағы бассыздықтардан кейін Бас прокуратураға арыз жазыпты. Құзырлы орган сауалды Денсаулық министрлігіне жіберген. Ал, олар өз қарамағындағы Қызылорданың облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтепті. Осыдан кейін орталықта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша бөлмелер пайда болған. І-ші топ мүгедектері мұны аз көріп отыр. Аралдықтар медициналық қондырғылар ауыстырылып, сапалы қызметті талап етеді. Сол себепті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі өзі бұл істі зерртеп, көмегін берсе екен дейді.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x