Негізсіз көтерілген баға ата-аналардың ашу-ызасын тудырды.

0804

Қызылорда қаласының жеке мектептерінің бірінде қыркүйектен бастап оқушылардың тасымалы 7 мыңнан 12 мыңға көтерілмек екен. Ата-аналар бір балаға шаққанда бұл баға тым көп екендігін айтып налиды. Және де жеке білім ордасына балаларымызды амалдың жоқтығынан бердік дейді. Себебі бой көтергеніне 5 жылдан асқан ықшам ауданда әлі күнге дейін мемлекеттік мектеп жоқ екен.

Қаланың орталығындағы “Бәйтерек School” жеке мектебі 2019 жылы өз жұмысын бастапты. Мұнда 1-8 сынып аралығында бүгінде 547 бала білім алады екен. Мектеппен аттас ықшам ауданның тұрғындары өз балаларын былтырдан бері осы мектепке беріпті. Оқушылардың тасымалына өткен жылы ғана 7 мың теңгеден төлеген ата-аналарға биыл мектеп әкімшілігі жаңа баға ұсыныпты.

0801

– Былтырғы баға 7 мың теңге болатын, биылғы баға 12 мыңға ауысып кетті қымбаттап перевозка бағасы. Бес мың теңгеге қымбаттады, мен 4 бала беріп отырмын. Төрт баланың біреуі инвалид, ешқандай жеңілдік жоқ. Бізге перевозка өте ауыр, қымбат. Мұндағы мұғалімдерден, класс жетекшілерден барлығынан сұрадық қымбаттау себебін. Жауаптары бізге келген нұсқау осындай – дейді ЖҰЛДЫЗ БАЙДРАМАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

0802

– Май-бензин қымбаттап жатқан жоқ, басқа нәрселер қымбаттап жатқан жоқ қой. Халық деген тыныш қой, бұлар да соған қарап бұрынғы бағаға тұру керек қой. – дейді ОРАЛКҮЛ ҮМБЕТОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жиналған ата-аналар оқушылардың тасымалын да сынға алды. Қоғамдық көлік азанғы ауысымдағы балаларды таң атпай жатып алып кетеді екен.

0803

– Балаларымызды азанғы 6,35-те алып кетеді сегіз жарымдағы сабаққа. Бүкіл Бәйтерек 3-ті, 4-ті, 1-ді аралап, сосын барып 8,30-дағы сабаққа келеді. Автобуста отырған кезде балаға орын жоқ жайлы, тұрып барып тұрып келеді. Үш күн перевозкамен барсақ екі күн өзіміз алып кететін күндеріміз бар. Сондай себептерді де алып тастамайды шегеріп. – дейді ЖҰЛДЫЗ БАЙДРАМАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

 Мектеп басшылығы бағаның көтерілгенін растады. Айтуларынша оған өзіндік себептері бар көрінеді.

0805

– Сараптап, енді өйтсіп биылғы оқу жылында мектеп әкімшілігі осындай шешім шығарып отырмыз. Бірақ бұл деген сөз 12 мыңнан қойды, ол мектепті тоқатып тастау деген сөз емес. Кез-келген ата-ананың толық құқығы бар, өзіңіз тасмалдауға перевозканы алып тастап өздеріңіз келуге толық мүмкіндіктеріңіз бар.- дейді ӘЛИЯ АЛПЫСОВА, ЖЕКЕ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

0806

Мектеп басшысы осылайша бағаны түсірмейтіндігін дөп басты. Ал, келіспегендерге тасымалдан бас тартуды ұсынды. Мемлекеттен жеке мектептерге берілетін субсидияны қозғап едік директор бұл сұраққа жауап беруден бас тартты. Ата-аналар жеке мектепке балаларымызды амалдың жоқтыған бердік деп отыр. Бес жыл бұрын бой көтерген ықшам ауданда әлі күнге дейін білім ордасы жоқ. Құрылысы үш жылға созылған мектеп биыл жаңа жыл қарсаңында беріледі деп жоспарланып отырған көрінеді. Сол себепті Қызылордалықтар жаңа оқу орны халық игілігіне берілгенше білім басқармасындағылар осы мәселені қолға алса екен дейді. 

 

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Жансая
Жансая
1 year ago

Қыздарымның үлгерімі Жақсы. Қызым 1кл бітірді енді 2ші қызымды бергім келіп отыр. Бірақ перевозка қымбаттап кетті соны шамалы түсірсе екен. Кішкентай баламен үйде отқандықтан перевозкаға беріп отырмын. Ақшасын жеңілдетсеңіздер Жақсы болар еді.

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x