Мұздың кесірінен кәсіпкерлер шығынға батты

WhatsApp Image 2022 03 29 at 21.32.16

2022 жылдың наурыз айының 28-нен 29-на қараған түні 15-30м/с желдің ұйытқуы салдарынан Қамыстыбас көлінің мұзы көтеріліп, жағадан 25-30 метр жылжыған. Салдарынан Аққұмшық аталып кеткен жағажайдағы 6 кәсіпкерлік бағыттағы демалыс нысандарына түрлі деңгейде залал келтірілген. Сондай-ақ, жағажайда орналасқан  4 түнгі жарық шамдарының бағаналары зақымданған.  

 Айта кететін жағдай, жағажай жаз маусымында жұмыс жасайтындықтан көл басында ешқандай адамдар болмаған. Бүгінгі күні аталған жағдайға байланысты төтенше жағдай мамандары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x