Мүгедектердің 4 миллион теңгесі казиноға жұмсалған!

Screenshot 2

Қызылордада әлеуметтік қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі жандардың ақшасын 1 жыл бойы жеп келген.  Бұл заңсыздықтар прокурорлармен мүгедек  жандардың құқықтарын тексеру барысында анықталды.

Облыстың арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 6 маманы  мүгедектерге үкіметтен берілетін жәрдемақыны өз керектеріне жұмсапты. Атап айтқанда жұмыскерлер қызмет алушылардың жеке деректерін қолдану жолымен онлайн шот ашып, ұялы телефон арқылы қаржыны өздерінің банк кәртішкелеріне аударып отырған.

DSC 4984.MOV.Still001

– Заңсыз жолмен иемделген 4 миллион теңге қаржы жеке мұқтаждықтарға, оның ішінде құмар ойындарға жұмсалған. Атап өту қажет, бұл әрекет алдын-ала сөз байласқан адамдар тобында ақыл-есі кемдігін пайдалану жолымен жасалған. Бүгінгі күні облыстық прокуратурамен аталған дерек ҚК 190 бабының 3 бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге Қызылорда қалалысының полиция басқармасына тапсырылды. – дейді ӘДІЛЖАН СЫЗДЫҚОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x