Миллионер күзетші. Қызылордада бір мектеп күзетшісіне бір айда заңсыз 6 млн теңге үстемақы төленген

ma 36819 M6m2

Сондай-ақ облыс бойынша мектеп директорлары мен есепшілері бюджеттен жарты миллиард теңгеге жуық ақша жымқырғаны белгілі болды. Бұған байланысты 8 білім ұясының жауапты тұлғаларына қылмыстық іс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды. “Azattyq-News” Ақпараттық агенттігі.

Бюджет қаражатын жымқыру деректері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің 2020-2021 жылдарға арналған тексеру кезінде анықталған. Заң бұзушылық деректерінің алтауы Жаңақорған ауданындағы мектептерде болған. Жауапты тұлғалар мектепте мүлде жұмыс істемейтін азаматтарға еңбекақы аударып келген. Сонымен қоса, қаладағы №112 мектептің күзетшісіне бір айда 6 миллион теңге үстемақы төлеген.

“Тек бір ғана №51 орта мектеп бойынша ұрланған қаражат көлемі 117 миллион теңгені құрайды. Аталған құқық бұзушылықтар жауапты тұлғалармен еңбекақы қоры қаражаттарын төлеу барысында тиісті ақпаратты жүйелердің кемшіліктерін пайдалана отырып жасаған деген негіздер бар”, – дейді жауапты ведомство өкілі Асылхан Ашықов.

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x