Мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер балаларға берілген

51de1dd65a7155f8bd2a41a6485800ff

Егу науқанын жүргізу заңдылығына қатысты медициналық ұйымдарды тексерген құзырлы органдар 21 млн. теңгеден астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны ұтымсыз пайдалану фактілерін анықтады. Атап айтқанда, денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамдылық мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілген. Павлодар емханаларының біріне «Пентаксимнің» 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді.Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған.

 – Қарсы тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды. Павлодардың облыстық прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттарды жойып, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тартты. – деп мәлімдейді ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x