Мемлекеттен миллиондаған қаражат алып жүрген балабақша дүкен қызметін атқарған

Мемлекеттен миллиондаған қаражат алып жүрген балабақша дүкен қызметін атқарған

Мұндай заңсыздыққа барған кәсіпкерге санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау мекемесіндегілер 800 мың теңгеге жуық айыппұл салыпты, деп хабарлайды «Азаттық Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Screenshot 1

Білім бөлімі басшысының дерегінше, Аққыр ауылындағы “Алтын ұя” жеке бөбекжайына мемлекеттен ай сайын 2 миллион теңгеден аса ақша аударылады. Дегенмен 40 бала тәрбиеленуі тиіс ғимараттың бір бөлігі дүкен болып ашылған. Сондай-ақ  кәсіпкер нысанды тұрғын үй ретінде де пайдаланып келген көрінеді. Кесірінен  ауыл бүлдіршіндері 20 орындық қуықтай ғимаратта тәрбиеленіп келген. “Әділдік жолы” ұйымының өкілі Ләззат Бақтыбай әлеуметтік желідегі парақшасында осындай заңсыздықты анықтағанын жазды.

S3390105.MP4.Still002

“Балалардың құқығы қашан қорғалады? Мониторинг барысында балабақшаның 2-ші ғимаратында дүкен ашылғандығы, тұрғын үй ретінде қолданылып жатқандығы және 20 балаға рұқсат етілген 1 ғимараттың ғана қызмет тұрғандығы  анықталды. Кемшіліктер бойынша кәсіпкерге 793 500 теңге айыппұл салынды”, – деп жазды ЛӘЗЗАТ БАҚТЫБАЕВА.

Ұйым өкілінің айтуынша, жеке балабақша 40 балаға мемлекеттен тапсырыс алғанымен, ондағы тәрбиеленушілер саны жеткіліксіз. Сондықтан бөбекжай жұмысын егжей-тегжейлі тексеру керек дейді Ләззат Бақтыбаева.

Ал аудандық білім бөлімінің басшысы “Алтын ұя” балабақшасының 3 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын айтады. Бөбекжай былтыр өзге ғимаратқа көшкен. Аталған келеңсіздік осыдан кейін басталды дейді.

“Барлық заңдылығын тексереміз. Амандық болса, осы айдың 12-і күні жауабын береміз”, –  дейді ТАЛҒАТ САДЫҚОВ, ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x