Мас жүргізуші қағып кеткен полицейдің жағдайы белгілі болды

MVI 7656.MP4.Still011

Мас жүргізу қағып кеткен полицей қазіргі таңда қалалық аурухананың жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Жағдайы тұрақты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық Агенттігі.

23-ші қаңтар күні таңғы  05:30 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкерлері Қорқыт ата көшесінің бойында Volkswagen Touareg маркалы автокөлік жүргізушісін жол белгілері талаптарын сақтамағаны үшін тоқтауын сұраған.  

Полиция талабына бағынбаған жүргізуші қалаға іргелес елді-мекендегі Қарауылтөбе ауылына қарай қашып, күріштік алқабына түскен. Тосқауыл жасауға көмекке келген полиция нарядының қызметкері жеңіл көліктің алдынан жаяу шығып тоқтатқан уақытта жүргізуші заңды талабына бағынбай, полиция қызметкерін қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Д

– Дер кезінде «Тосқауыл» арнайы жоспары енгізіліп, кезекші тәулікте 32 жастағы күдікті ұсталып, орта дәрежелі масаң екендігі анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.  Қазіргі таңда билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары  жүргізілуде. – деп хабарлайды ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ДП БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x