Көкке ұшқан шатырлар

Қызылорда қаласында 5 отбасы

Қызылорда қаласында бір мезетте 14 көпқабатты үйдің шатыры көкке ұшты. Табиғаттың тосын сыйы шаһарға қарасты Тасбөгет кентінде орын алды. Желдің қатты болғаны соншалық екі, төрт және бес қабатты тұрғын үйлердің қаңылтыр жабындыларын опырған. Үйлерден бөлек пошта және екі мектептің шатыры тағы ұшқан. Тұрғындар мұның барлығы небары жарты сағатта болды дейді. Қуанышқа орай адам шығыны жоқ, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық Агенттігі.

jake.mpg.Still003

Тасбөгет кентіндегі №15 екі қабатты тұрғын үй  шатырсыз қалған үйлердің бірі. Мұнда 2012 жылы модернизация жұмыстары жүргізілген көрінеді. Тұрғындар жөндеу жұмыстары тым нашар болды дегенді айтады. Сапамен келіспей, құжатқа қол қоймағандар да бар екен.

jake.mpg.Still011

– Анау қаққан шегелері дұрыс емес. Әншейін былай ұра салған ғой. Мен қабылдап жатқан кезде өзім лично қол қойған жоқпын. Ол кезде мен сөйлей алмай тұғынмын. Бэ, бэ, бэ дейтін тұғынмын. Қоймасаң өзіміз қойып аламыз деп қойып алды.– дейді ӘЛИ ТАҢҚЫБАЕВ, ТАСБӨГЕТ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ.

jake.mpg.Still007jake.mpg.Still015

Мұндай шатырсыз қалған үйлердің саны 14 екен. Одан бөлек қатты желге екі мектептің де жабындылары шыдас бермеді. Ұшқан қаңылтыр балалар ауруханасының темір қоршауын жұлып алса, екінші бір темір жарық бағанасына қадалған. Айта кетейік кент толықтай жарықсыз қалды. Тек сымдары ғана үзілмей, бағаналар да қисайып,  құлап жатыр. Айналаны тазарту үшін тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұрапты.

jake.mpg.Still012

– Әкім келді Тасбөгеттің, айналып келді да бір жағына машинасын тастап кетіп. Шопырын шақырып алды да суретке түсіріп алды да кетіп қалды. Өздерін істеңдер, өздерін қойыңдар жеке деді. Сонымен қалдық бала-шаға шулап.– дейді ҚАЛАМКҮЛ ҮМБЕТАЛИЕВА, ТАСБӨГЕТ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ.

jake.mpg.Still013

– Мынаның барлығын біз қалай жинаймыз? Еркектерге қосылып біз де жинармыз. Бірақ әкім не үшін отыр дейміз ғой бізге сәл көмек бермесе. Вдруг балалар ойнап жүр, үстіне түссе не істейміз мысалыға? – дейді ҚУАНЫШ АЯКЕНОВА, ТАСБӨГЕТ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ.

jake.mpg.Still010

Тасбөгет кентінің әкімін біз де іздеп көрдік. Әкімдікке жаңа ғана кірді деген шенеунік, қай есіктен шығып кеткені белгісіз іште жоқ болып шықты. Ал Қызылорда қаласының әкімдігі   көмек беруге дайынбыз дегенді айтады.

jake.mpg.Still014

– Қазіргі таңда барлық ақаулар есептеліп, қазір зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ұшып кеткен шатырлардың орны тазартылып, қала әкімдігінің тарапынан жұмыстар жүргізілуде. – дейді ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ.

jake.mpg.Still007 1 jake.mpg.Still006

Бұдан бөлек шенділер шатырларды қалпына келтіруге де жұмыстар жасаймыз деді. Қаражаттың мөлшерін есептеп, не кәсіпкерлерден көмек сұраймыз, не жөндеу жұмыстарын қалалық бюджетке саламыз деп дөп басты.

Бөлісу:

3 2 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x