Жол көлік оқиғасынан 91 адам қаза тапты

3

Қызылорда облысында жол көлкі апаттары жиелегені баршаға мәлім. Республикалық маңызы бар трассаларда автокөліктердің соқтығысуынан адам шығындары да көбейді. Биылғы жылдың 8 айында Қызылорда өңірінде 247 жол-көлік оқиғасы тіркелген екен. Оның салдарынан 91 адам қаза болып, 304 адам түрлі дене жарақатын алған.

WhatsApp Image 2022 10 04 at 19.19.32

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиында жол көлік оқиғаларына нақты талдау жүргізу, рейдтік шараларды қатаң қолға алуды тапсырды. Әсіресе, облыс аумағындағы трассаларда оқыс оқиғалары жиі көрініс табатындықтан, полиция департаментіне бақылау тетіктерін күшейтуді міндеттеді. Ал, көлік инспекциясына бақылау және тексеру жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруды ескертті. Республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолының бойында барлығы 68 жол көлік оқиғасы тіркелсе, оның басым бөлігі Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысына қарай бағыттағы ІІ техникалық санаттағы жолда орын алған.

WhatsApp Image 2022 10 04 at 19.19.33

«Өкінішке қарай, көлікті масаң күйде жүргізу, жүргізушілердің түнгі уақытта жол үстінде қалғып кетуі салдарынан қайғылы оқиғалар жиі орын алуда. Қараусыз қалған сиыр, жылқылардың жол бойына шығып кетуі де жол көлік оқиғаларын азайтпай тұр. Кеше ғана Қармақшы ауданының тұсында жол үстінде ұйықтап кеткен жүргізушінің әрекетінен оқыс оқиға орын алып, бірнеше азамат көз жұмды. Қаншама отбасы үшін бұл ауыр соққы. Жолда көлік айдау жауапсыздықты, жүгенсіздікті көтермейді. Сондықтан бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды,-деді НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ .

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x