Жерге көмілген 1,5 миллард теңге!

S3390001.MP4.Still003

Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған кентінде  су жаңа білім ордасының құрылысы сынға алынды. 2,4 млрд теңгеге салынған нысанның жоба сметалық құжаттарында су ағар, акт залы және спорт алаңы қаралмапты. Ал, ақшаның тең жартысы екі қабатты ғимараттың табанына кетіпті. Шенділер мұндай шараға амалсыздан барғандарын айтады, деп хабарлайды “Azattyq-News” Ақпараттық агенттігі.

Жаңа жыл қарсаңында ашылған бұл мектепте ІІІ-тоқсаннан бастап оқу басталып кетті. Алайда ғимараттың жоба сметалық құжаттамасы сонау 2019 жылы жасалыпты.  Құрылысқа сұралған бастапқы қаражат 3 миллиард теңгені құраған екен. Халық арасында резонанс тудырған соң қаржыны 600 миллионға қысқартыпты. Осының салдарынан қазір мектепте су ағар жоқ. Ал мәдени шараларға арналған акті залы мүлдем есігі жоқ дәлізде қолдан жасалған.

S3390105.MP4.Still001

– Проект бойынша жоқ. Бірақ біздерде үлкен залдар бар, сол залдарды біз акт залы ретінде пайдаланып отырмыз.- дейді ӘДІЛ ТАЖЕДИНОВ, №169 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

 “Әділдік жолы” Республикалық қоғамдық бірлестігі болса бұл нысан тым қымбат қаржыға салынған дейді. Мамандар басқа өңірдегі дәл осындай білім ордаларының құрылысымен танысқан екен.

S3390105.MP4.Still002

– Салыстыру үшін сейсмоустойчивость дейді ғой сол бойынша 9 балл деп белгіленген Алматы, Тараз аймақтарында 3 миллиард теңгеге 1200-орындық бала оқитын мектептер салынып жатырған болса дәл осындай 600 орындық сыйымдылықтағы мектептің Тараздағы лифтімен, барлық жабдықтары қамтылған мектептің құны небары 1 миллиард теңге болып отыр. -дейді ЛӘЗЗАТ БАҚТЫБАЕВА, “ӘДІЛДІК ЖОЛЫ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ал жобаны сызған  жауапты мамандар болса қаржының көп кеткендігіне өзіндік себептері бар дегенді алға тартады.

S3390001.MP4.Still001

– Бұл мектептің орналасқан жері ыза су деңгейі 2 метр көлемінде шығып тұр. Сол себепті сейсмикаға байланысты сұрақтар туындаған.Қымбаттауы осы себептен. Өйткені бұл мектеп 2 метр армированный бетонның үстінде тұр жарылмас үшін, сейсикаға қарсы шаралар қабылданған. -дейді ОРМАН АХМЕТОВ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Ал, мұның барлығын елордадан келген  “Мемлекеттік сараптама”  Республикалық мемлекеттік кәсіпорны мақұлдапты. Осылайша 2,4 миллардтың жартысы мектептің табанына құйылған екен. Сондықтан қаржыны үнемдейміз деген шенділер жоба сметадан акті залы мен спорт алаңын алып тастапты.

Бөлісу:

5 2 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Зауре
Зауре
1 year ago

Ыза судың үстіне салуға рұқсат берген адамдарды жазалау керек, қазірдің өзінде подвал ыза суға толып тұр. Қанша қаражатты желге ұшырғандар жауап берсін

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x