Жер дауы шешімін тапты

11-наурыз күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Түгіскен ауылының тұрғындары шаруа қожалықтың қоймалары мен кеңселеріне қара құлып салып,  мекеменің жұмысын толықтай тоқтатып тастаған болатын. Диқандар мемлекеттен 49 жылға жалға алған 2 мың гектар егістік жерлері 8 жыл бұрын аудан әкімдігінің ықпалымен тұқым шаруашылығына берілгенін ашып айтты. Сол уақыттан бері бұл мекеменің игілігін көрмедік деген шаруалар Түгіскенке мәселені шешу үшін ауыл шаруашылық министрін шақырған еді.

 

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс бабымен Сыр өңіріне ат басын тіреді. Алдымен министр Аққорған ауылдық округіне барып, Түгіскен елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, шаруалардың мәселесіне қатысты ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Мұнда ауыл азаматтарының «Түгіскен» тәжірибе шаруашылығына тиесілі 2048 гектар жерді халықтың үлесіне бөліп беру жөніндегі талаптары ескеріліп, жер толықтай аудан меншігіне қайтару туралы шешім қабылданды.

WhatsApp Image 2022 03 28 at 22.43.12

– “Түгіскен” тәжірибелік шаруашылық жерлері бойынша шешім қабылданды. Қазіргі таңда аудит шығын көлемін анықтап, тиісті сараптама жүргізеді. Заңға сәйкес тарату комиссиясы құрылады, оның құрамына барлық мүдделі органдар мен аудан тұрғындары кіреді. Қажетті рәсімдер жүргізілгеннен кейін тәжірибелік шаруашылық жойылып, оның жері жергілікті атқарушы органның балансына қайтарылады,- деді Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x