Жеке мектеп оқушысы ауыр халде ауруханаға түсті

S3520070.MP4.Still003

 Оқыс оқиға Қызылорда қаласындағы ЗИС жеке мектебінде болған. Сынып ішінде тұрған киім ілуге арналған жиһаз қоңырау кезінде өздігінен құлап, 4-ші сыныпта оқитын Айаруды басып қалған. 10 жастағы жеткіншек ауыр жағдайда балалар ауруханасына жеткізілген.  Зардап шеккен оқушының ата-анасы болған жағдайда білім ордасының әкімшілігін кінәлап отыр, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық Агенттігі.

S3520070.MP4.Still006

Оқыс оқиға 20-шы сәуір күні Зияткер Инновация мектебінде болған екен. Жеке білім ордасында оқушылар азанғы 8-ден кешкі 17.00-ге дейін ақылы түрде білім алады. Кезекті қоңырау кезінде сынып ішінде тұрған сырт киімге арналған шкаф оқушылардың үстіне  құлап кеткен. Қашып үлгірмеген Айаруға жиһаз белден түскен екен.

S3520070.MP4.Still001

– Қасында балалар болған, олар қашып үлгірген да менің қызым аяғы тайып, үстіне түсіп кеткен шкаф. Шкаф енді үлкен, өте ауыр. Ешқандай крепление істемеген. Ертеңіне біз мектепке барғанымызда осындай кішкентай шуруп пен бір вязальный сымды байлап қойған.- дейді АЙТУҒАН МАХАНОВ, АЙАРУДЫҢ ӘКЕСІ

S3520070.MP4.Still005

Айарудың әкесі оқыс оқиғадан кейін мұғалімдер дұрыс әрекет жасамады дегенді айтады. Сүйек сынығына күдік болған оқушыны ұстаздар өздігінше орынан қозғапты. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері Айаруды балалар ауруханасына жеткізіпті.

S3520070.MP4.Still002

– Аманқос Айару шұғыл түрде қосарланған жарақат, жамбас сүйектерінің жабық бірнеше  ығысқан сынығы, бірінші бел омыртқасының көлденең өсіндісінің жабық сынығы, бүйректің соғылуы, қуықтың соғылуы, жарақаттық шок диагнозымен шұғыл түрде ауруханаға түсті. Келген кезде жалпы жағдайы ауыр.- дейді ҚАНАТ МЕДЕТБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

S3520070.MP4.Still004

Ақ халаттылар да болған жағдайдан кейін науқасты қозғауға болмайтынын растап отыр. Жеке мектептің әкімшілігі болса қандай да сұхбат беруден бас тартты. Өзін күзетшімін деп таныстырған мектептің қызметкері директордың сыртқа шықпайтынын жеткізді. Қызылорда облысының білім басқармасы болса бұл жайтты алдағы уақытта бақылауға алып,тексеретіндерін айтады. Қалалық полиция басқармасы болса бұл бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 140-бабы 2 бөлігімен қылмыстық іс тіркелгенін жеткізді. Ал, Айарудың ата-анасы болса қыздары мүгедек болып қалады деген үрейден арыла алмай отыр. Сол себепті кінәлілер өз жазасын алсын деп талап етеді.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x