Жалағаш ауданында басшылардан көңілі қалған тұрғындар жолдың сапасын өздері тексерді.

тұрғындар жолдың сапасын өздері тексерді.

Тұрғындардың айтуынша бірде-бір техникасы жоқ мердігер не шайыр, не тас салмастан топырақтың үстіне асфальт төсеп кеткен. Ал мұндай бассыздықты ешкім бақыламай отыр деп ашынады көпшілік. Сондықтан тұрғындар жөнделіп жатқан жолды ойып, сапасын өздері тексеріп көрді, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2023 06 06 at 18.37.46

Жалағаш ауданы Ақсу ауылының тұрғындары басшылардың бірде-бірі бақылауға алмаған соң, жаңа асфалттың сапасын өздері тексеріп жүр. Өйткені аудан орталығымен байланыстыратын осы жолдың жөнделуін көпшілік көп күткен. Бір жарым ай бұрын басталған құрылыс қалай болса, солай жүргізіліп жатыр дейді ауылдықтар. Айтуларынша жол салуға арналған техникалары жоқ мердігердің жұмысшылары асфальтты арбамен тасып, шайырды қолдап құйған.

WhatsApp Image 2023 06 06 at 18.37.44

“Мердігердің ешқандай техникалары жоқ. Смоланы техникамен төгу керек. Мына 200 литрлік бочка тұр. Осымен әкеліп, 2,5 км-ге қолдап төгіп келе жатыр “Мынау катогы ешқандай сай келмейді. Кішкентай бір тонналық каток. Негізі 3,5 тоннадан жоғары болу керек. 5,8 тонна болу керек. Ешқандай техникасы жоқ. Бұдан енді қандай сапа болады”, – дейді Ақсу ауылының тұрғыны Сәкен.

WhatsApp Image 2023 06 06 at 18.37.45

Ал аудан мен ауылды байланыстыратын жолдың орташа жөндеуіне бюджеттен 76 миллион теңге қарастырылған. Мердігерге мұның 20 миллион теңгесі аударылып қойған. Жол салушылар өз кезегінде құрылысты барынша сапалы жүргізіп жатырмыз деп дөп басты.

WhatsApp Image 2023 06 06 at 18.37.43

“Ямочный ремонт болған соң ол жерге қолмен құйылады. Ол жаққа техникамен құя алмаймыз ғой. ГПС-мызды төсеп, жұмысымызды бітірп отырмыз. Жабу ғана қалып тұр. Заказчик қалған қаражатты алып келсе, асфальтты жайып тастаймыз”, – дейді “Транссервис” ЖШС-нің инженері ТИМУР ӘБДІРАЙЫМОВ.

WhatsApp Image 2023 06 06 at 18.37.44 1

Келісім-шарт бойынша аудандық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстары алдағы 5 күн ішінде аяқталуы тиіс. Аудан әкімдігіндегілер әзірге тек жұмыстың 28 пайызы ғана орындалған дейді. Яғни құрылыс мерзімінде аяқталмаса, тапсырыс беруші мердігерді сотқа бермек. Соған қарағанда, Ақсу ауылының тұрғындары жаңа асфальттың игілігін жақында көрмейтін сынайлы.

АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x