"Итке беретін тамақ". Қызылордадағы арнаулы әлеуметтік орталықта науқастарға берілетін ас-ауқат жұртты шошытты

Screenshot 2

Орталықта ем қабылдап жатқан кемтар жандардың түскі асының видеосы әлемеуметтік желіде тарады. Көріністен иттің жуындысына ұқсайтын лағман сорпасын көруге болады, деп хабарлайды “Azattyq-News” ақпараттық агенттігі.

Screenshot 1

Ал бейнежазбаны желіге жариялаған Жанар Тұрбалайқызы бұл жағдайды орталыққа барып, өз көзімен көріп келгенін айтады. Оның сөзінше, науқастарға берілетін тамақтар ас мәзіріне мүлде сәйкес келмейді. Жанар мемлекеттен қыруар қаржы бөлінсе де, мекеме басшылары емделушілерге мардымсыз тамақтар беріп отыр дейді.

“Фарш бар дейді. Мынаның қай жерінен фарш көріп отырсыздар. Мен соқыр болмасам, мынада ет көріп тұрғаным жоқ. Иісі де жоқ тамақтың”- дейді бейнежазбада Жанар Тұрбалайқызы.

Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың түскі асының көрінісі әлеуметтік желі қолдануышларын шошытты

“”Байлардың итіне беретін тамақ қой”,”Басшысынан бастап қылмыстық іс қозғау керек. Мынау сұмдық екен”, – деп жазды пікір білдірушілер.

Ал бұл жағдайға байланысты №2 арнаулы әлеуметтік орталықтағылардың өз уәждері бар.

 

WhatsApp Image 2023 01 19 at 14.10.19

“2023 жылы 18 қаңтар күні түскі аста тамқтану барысында ас мәзірінде бірінші тағам лагман сиыр етімен, екіншіге бұқтырылған етпен қара құмық берілді. Алайда, өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын қызмет алушыларға етті үгіткіштен өткізіліп беріледі. Желідегі шығарылған бейне жазбада қызмет алушылар ішіп болғаннан кейін қалған тамақ.Қызмет алушыларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 қарашадағы №896 бұйрығына сәйкес алынады. Басқа өзіне қызмет көрсете алатын қызмет алушылар орналасқан бөлімшелерде тамақ түйір қылып беріледі,” – деп жазылған орталықтың ресми жауабында.

Бөлісу:

2.7 3 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x