Инвестор кетсін! Мырзабай Ахун ауылындағы диқаншылар дауы

S3440047.MP4.Still008

Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты Мырзабай Ахун ауылында күрішшілер жер дауын шеше алар емес. Ауыл тұрғындары соңғы 9 жылдан бері инвестор тарапынан ауылға ешқандай әлеуметтік нысан салынбады дейді. Жеке шаруа қожалықтың иелері диқаншылармен кездесіп, есеп беруді де жөн көрмейді екен. Бүгін де үлескерлер арасында өтуге тиіс жиын 5-ақ минутқа да созылмады, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі.

S3440047.MP4.Still012

 Жалағаш ауданына қарасты Мырзабай Ахун ауылында мың жарымға жуық халық тұрады. Ауылдағы күн көріс көзі ол егіншілік. Осыдан тоғыз жыл  бұрын елді-мекенге жаңа шаруа қожалық келгенде халықтың қуанышында шек болмапты. Жыл сайын егін егіліп, жұмыстар жасалғанымен Мырзабайлықтар ауыл игілігі үшін еш пайда көрмедік дейді.

S3440047.MP4.Still010

– Ауылдың жағдайы күннен күнге төмендеп бар жатыр. Халықтың жағдайы нашар. Мына жерде гаражымыз бар. Көрсеңіз 30 жыл бұрын салғанбыз біз. Сол қазір құлап тұр, бағанамен тіреп қойған. Ішіне кіруге ұяласын. –дейді МЫРЗАХАН ҚАРЛЫХАНОВ, МЫРЗАБАЙ АХУН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

S3440047.MP4.Still011

– Заман дамып бара жатыр, көрші ауылдарға қарап отырсақ жастарға жағдай жасалып жатыр. Спорт залдар салынып жатыр, ауылда клуб жоқ, спорт комплекс жоқ. Айта берсе көп қой, істеуге болады ғой. Оны бір жылда істемесе де 10 жылда істеуге болады ғой жәймен-жәймен болсада. –дейді ШАМСУДДИН ӘБДІХАЛЫҚОВ, МЫРЗАБАЙ АХУН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

S3440047.MP4.Still007

Ауыл инвесторларына көңілдері толмаған диқаншылар кәсіпкерлермен кездеспек болды. Алайда жиын көпке ұзамады. Алғашқыда түсірілім тобымызды залдан шығарып жіберген инвесторлар одан соң халыққа да есеп беруді жөн көрмеді. Ауыл тұрғындарының арасында «үлескер емес жандар» бар деген уәжбен кәсіпкерлер  бес минутта жиынды аяқтап тастады. Диқаншылар бұл әдеттегідей жағдай дейді. Сұрақтарына жауап алмақ болған жандар кейбір кезде балағат сөздер де естиді екен.

S3440047.MP4.Still009

– Намысыма тиетін ауыр сөздер айтты балағаттап, боқтап-боралап. Ал енді мен сондай сөз естуге лайықты адаммын ба? Осы ауылдың ақсақалдарының бірімін. Осы жерде туып өстім. Соншама неге мен жәбір көруім керек? – дейді ҚАСЫМ КӘРІМБАЕВ, МЫРЗАБАЙ АХУН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

S3440047.MP4.Still013

Осылайша ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер арасындағы кездесу аяқсыз қалды. Басшылық бізге де сұхбат беруден бас тартты. Жеке шаруа қожалық келісім шартқа сәйкес әлі бір жыл егін егуге құқылы екен. Алайда Мырзабай Ахундықтар мұнымен келіспей инвесторлардың кетуін талап етіп отыр.

Бөлісу:

3.8 5 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x