Есеп беруге барған мәдениет қызметкері әкімнен таяқ жеді!

201910051007257071 t

Қызылорда облысында ауылдық округ әкімі әйелге қол көтерген деп хабарлайды Azattyq-News. Сұмдық жайт Қазалы ауданына қарасты Құмжиек ауылында орын алды. Әкімге есеп беруге барған Мира Байтақоваға шенеунік “құжаттарың дұрыс емес “деп айқайлап, ақыр соңы кеуде тұсынан ұрыпты. Мұнымен шектелмеген әкім қарамағындағы қызметкерге “Кет, құдайыңа бар” деп қоқан лоқылық жасапты.

Мира Байтақова Құмжиек ауылдық округындағы мәдениет үйінде әдіскер болып жұмыс жасайды. 6-шы қыркүйек күні елу жастағы ана ауыл әкіміне есеп беруге барған көрінеді. Мән-жайды толық сұрамай айқай шығарған әкім қызметкеріне жұдырық ала жүгіріпті.

– Күнделік сұрады іштен, күнделігіңді тексеремін деді. Апарып тұр едім,  мынау күнделік жазылмапты ғой- деді. Сосын мен айттым балалар мәдениет үйіне енді келеді, сентябрь енді болды дедім. Келген балалардың плюс минусын қойып отырамыз деп. Сен толтырасын деп маған қолын шошайтып айқайлады. Орнынан атып тұрды да күнделікті жерге лақтырып жіберді. Мына жерден кеуде тұсымнан бір қойды. Бар кет, құдайыңа бар деді. Итеріп, есіктен шығарып жіберді. Секретаршасы отырды, шыққан соң “Айгүл-ау әкім мені ұрды ғой “деп айттым жылап. Олар шошып кетті. – дейді МИРА БАЙТАҚОВА, ҚҰМЖИЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ӘДІСКЕРІ

Мұнан соң Мира Байтақова өзінің жұмыс орны мәдениет үйіне барыпты. Жылағанын көрген басшысы не болды деп сұрақтың астына алған. Мәселені айтқан соң, басшысы полицияға арыз жазуды ұсыныпты. Ал, әйел баласына қол көтерген әкім қазір жұмыс орнында жоқ, денсаулығына байланысты демалыс алған көрінеді. Қазалы аудан әкімдігі болған жағдайға қатысты әзірге ресми мәлімдеме бермеді.

Бөлісу:

5 4 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x