Енді айып пұлмен құтылып кете алмайсыз! Елімізде отбасылық зорлық-зомбылыққа байланысты заң қатаңдатылады.

Алдағы уақытта отбасында зорлық-зомбылық жасағандар жауапкершіліктен ескерту немесе айыппұлмен құтылып кете алмайды.  Тіпті жәбірленуші полицейлерге арыз бермесе де, оған зардап тигізген жан жауапкершілікке тартылады. Куәгерлердің, көршілерінің айғақтары мен бейне бақылау камераларының жазбалары болса, тәртіп сақшылары бірден хаттама толтырады, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық Агенттігі.

Осы секілді тұрмыстық жанжалға байланысты әкімшілік және қылмыстық кодекске бірқатар өзгерістер енгізіліп отыр.  Мәселен отбасылық зорлық-зомбылықтан соң тараптардың бірнеше рет татуласуына мүмкіндік берілмейді. Яғни жәбірленуші мен оған зардап көрсеткен азамат сот арқылы тек бір рет ғана татуласа алады. Сонымен қоса, отбасылық жанжал кезінде ұрып-соғу деректері бойынша құқық бұзушы қазір 10-15 тәулікке дейін қамалса, енді оларды 10-20 тәулікке қамайды. Ал жеңіл жарақат салғандарды қамауға алу мерзімі 15-25 тәулік болады. Сондай-ақ қорғаныс нұсқамасын бұзғандарға қазіргідей ескерту берілмейді, бірден 10 тәулікке қамалады. Айта кетейік, өзгерістер енгізілген қылмыстық кодекс 19-мамырда, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 1-шілдеде күшіне енеді.

Screen Recording 20230426 181426.mp4.Still001

-Жәбірленушілер денсаулығыына немесе өміріне қауіп келгенде полицейлерге хабарласып, тәртіп сақшылары келгенде арыз жазудан бас тартады. Полицейлер кеткен соң жанжал қайта жалғасады. Былтырдың өзінде дәл осындай 70 мыңдай дерек тіркелді. Ендігіде заңнамадағы өзгерістерге сәйкес арыз жазбаса да, дерек бойынша іс қозғалады.– дейді РЕНАТ ЗҰЛҚАЙЫРОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x