Экс-судья бүтін бір ауыл тұрғындарының жерін иемденген?!

Экс-судья бүтін бір ауыл тұрғындарының жерін иемденген?!

Осылай деген Қармақшы ауданына қарасты Ақтөбе ауылының азаматтары бүгін соттан көмек сұрап келді. Айтуларынша қожалық басшысы жалған құжаттар жасап, халыққа тиесілі жердің 98 пайызын заңсыз алып қойған. Бірақ апеллияциялық сот дауды  бұрын судья болған азаматтың пайдасына шешіп берді, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі.

“Жерімізді қайтарады” деп үміттенген Ақтөбе ауылының тұрғындары таң атқаннан  сот ғимаратына келді. Өйткені бүгін апеллияциялық соттың шешімі шығатын күн. Бірақ алыстан ат арытып жеткен ауылдықтар тіпті сот залына да кіре алмады. Экс-судьяның пайдасына шығарылған шешімді талап қоюшылар табалдырықта тұрып естіді.

WhatsApp Image 2023 06 02 at 17.34.09

“Көзімізше айтсын шығаратын үкімін. Сырттай шығарып тұр. Құқығымызды таптап тұр біздің. Біз келсек, жерімізді даулап тұрмыз. 36 жылға кеткен. Мүлкімізді даулап тұрмыз”,- дейді үлескер БАЛАБЕК ШАБАҚОВ.

WhatsApp Image 2023 06 02 at 17.34.09 2

Тұрғындардың айтуынша, бұрын судья қызметінде болған қожалық төрағасы ауылдағы 18 мың гектар жерді 9 жыл бұрын заңсыз алып қойған. Бұл жайлы үлескерлердің мүлде хабары болмаған дейді.Тіпті барлық жерді пайдалану құқығын төрағаға беру туралы сенім хатқа қойылған көпшіліктің қолы да жалған екенін жақында білгендерін айтады. Осылайша қожалық төрағасы егістік пен шабындық алқабының 98 пайызын тек жеке пайдасына пайдаланып, ауылға мүлде жағдай жасамай келеді деп ашулы тұрғындар.

WhatsApp Image 2023 06 02 at 17.34.09 1

“Жалған сенім хаттар бар. Нотариустер жауапкершілікке тартылмады. Бұл жерде заң бір тарапты жұмыс істеп жатқан сияқты. Бұрын осы сот саласында қызмет еткен. Сот саласынан белгілі себептермен жұмыстан босаған. Бұл жердегі судьялармен ол әріпстес болып қызмет жасаған. Қарға қарғаның көзін шұқымайды дейді ғой”, – дейді Ақтөбе ауылының тұрғыны НҰРХАН МАДИЯРОВ.

Ал төраға заңсыз әрекетке бармадым,ешкімнің жерін тартып алмадым дейді.

“Сенім хат бойынша мен ешкімнің басын куәландыра алмаймын. Оған ҚР заңдарына сәйкес нотариустер бекітіп береді. Сенім хат заңдылығымен жұмыс жасаған. Мен нотариусты заставить ете алмаймын”, – дейді “Ақтөбе и К” ЖШС директоры НҰРЛАН ІЗДІБАЕВ

Осы мәселеге байланысты қазір аудандық полиция жалған құжат жасау бабы бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр. Алайда Қызылордадағы экономикалық және апеллияциялық сот та тұрғындар талабын қанағаттандырмай қойды. Көпшілік мұны қожалық басшысының бұрынғы қызметімен байланысты деп күдіктенеді. Сондықтан ауылдықтар енді жоғарғы соттан үміт күтеді.

АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x