Диқандардың егін даласына сепкен дәні құстарға жем болып жатыр

Диқандардың егін даласына сепкен дәні құстарға жем болып жатыр

Жаңақорған ауданында биыл егілген күрішті бастыратын су болмай, алқаптардың аңқасы кеуіп тұр. Ал шығынға шаш етектен батқан шаруалар құрғақшылықты басшылар қолдан жасап отыр деп ашулы. Айтуларынша бүгін-ертең алқапқа жеткілікті тіршілік нәрі  құйылмаса, диқандар осы жылы өнімсіз қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2023 05 31 at 17.59.39 2

Жаңақорған ауданындағы 8 ауылдың егіншілері ерте көктемнен егін алқабы мен су арнасының қасында жүр. Өйткені мұндағы ауылдықтардың басым бөлігінің күн көрісі күріш өсіру. Көпшілік арналарды тазалап, әлдеқашан далаға дән себілген. Бірақ тіршілік нәрінің тапшылығы жүздеген қожалықты тығырыққа тіреп қойды. Егіншілердің айтуынша бір ғана атыздың өзін тегістеп, оған дән себуге бақандай 500 мың теңге шығын кетеді екен. Ақыр соңы алқапқа су келмей, сепкен дән құстарға жем болып, төккен тер зая кетті деп ашулы шаруалар.

WhatsApp Image 2023 05 31 at 17.59.39 1

–  Көктемнен бері кетпенді шауып-шауып. Енді жер қаңсып, су болмағаннан кейін кетпенін алып үйге қайтады. Ол адам қайтіп бала-шағасын асырайды. Мысалы менің 400 млн кредитім бар қазір. Күріш болмаса ертең мен кредитті қайтіп төлеймін. Су бермеймін айналайын екпе дегенде екпей-ақ қоятын едік. –дейді ҚҰЛМАҒАНБЕТ ИСАХАНОВ, ШАРУАҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ.

Биыл Сырдария өзенінің  деңгейі көтерілген. Алайда егістікке келіп жатқан судың мөлшері өте аз екенін айтады көпшілік.  Сондықтан жауаптылар құрғақшылықты қолдан жасап отыр дейді диқандар.

WhatsApp Image 2023 05 31 at 18.10.39 1

-Водхозды кінәламай тұрмайсың. Әрбір елді-мекенге пәлен гектар егесің деген. Сол гектарына су тауып бере алмай жатыр да. Сосын қайтып кінәлі болмайды олар. – дейді ФАРХАТ МӘТЕШОВ, ШАРУАҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Ал су шаруашылығының мамандары биыл Жаңақорған ауданындағы күріштікке тиесілі мөлшерден артық су жіберіп жатырмыз дейді. Бірақ қыс бойы жауынның аз болуынан берілген тіршілік нәрі алқаптарға тез сіңіп кетіп жатқанын айтады.

WhatsApp Image 2023 05 31 at 17.59.40 1

Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан Жалағаш, Қармақшы және Қазалы ауданыдарында да су тапшылығының зардабын тартып отыр. Мысалы Жалағаш ауданның өзінде жоспарға сәйкес суды ала алмай отырған шаруақожалықтар бар. Суды осы бірқалыпты деңгейде сақтап отырсақ, 10-на дейін біз толық басып бітеміз деп күтілуде. – дейді АЙДОС АСАНБАЕВ, “ҚАЗСУШАР” РМК ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

WhatsApp Image 2023 05 31 at 17.59.40

Бөлім басшысының айтуынша биыл Жаңақорғанда ғана емес, өңірдегі барлық шаруалар тіршілік нәрінің тапшылығынан титықтап отыр. Ал егіншілер мауысым айының басына дейін жеткілікті су келмесе, құрғаған алқап құстардың несібесіне айналады дейді.

АВТОР: АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x