Бүйрегін сатпақшы болған қазақстандық ұсталды

8 1 scaled

Қарызға белшеден батқан ел азаматы өз бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалаған. Сатып алушы адамға басты талап ол адам мүшесін кесіп алу операциясын өзі ұйымдастыру керек болған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Polisia.kz-тің мәлімдеуінше өз бүйрегін сатпақшы болған азамат Астана қаласында тұрады екен. Әлеуметтік желі арқылы ол өз мүшесін сатуға дайын екендігі жайында хабарлама берген көрінеді. Ерекше жарнаманы көрген полиция қызметкерлері  сатушымен кездескен. Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің қызметкерлерімен екі апта бойы арнайы жедел шаралар жасалып, ақыр соңы бүйрегін сатушы азаматпен бір келісімге келген. Күдікті ақша беру кезінде құрықталған.

Өз мүшесін сатпақ болған азамат Ақтөбенің тумасы екені белгілі болды. Елордаға жұмысқа келген ол азарттық ойындардың кесірінен қомақты мөлшерде  қарызқа батқан. 8 миллион теңгеге бүйрегін сатып, барлық қарыздарын құтылмақшы болған екен. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x