Бір жапырақ парақтың кесірінен 40-тан астам үй жылусыз отыр

S3200001.MP4.Still001

Қызылорда облысында күздің екінші айы келсе де тұрғындар жылуға қол жеткізе алмай отыр. Былтырғы жылы аймаққа қарасты Қазалы ауданына көгілдір отын тартылған болатын. Жаздан бастап Қазалы қаласының тұрғындары монтаж жұмыстарына соңғы ақшаларын беріп, табиғи газды үйлеріне кіргізе бастаған. Күн суыған соң  жылуды қосқан жандардың  газ таратушы мекеме құбырларын қиып, газдан ажыратып жатқан көрінеді.

S3200010.MP4.Still005

Жадырасыновтар отбасы қысқа үш ай бұрын қамдана бастапты. Құбырлары мен пештерін сатып алған олар монтаж жасайтын мердігерлерге жұмыстарын тапсырған. Барлығы біткен соң жылуға қарық боламыз деген қарттар әлі күнге дейін суық үйде отыр.

S3200010.MP4.Still001

– Үш ай дегенде жақында қосты. Екі күн болмай ТрансГаздың адамдары келіп қиып кетті. Содан бері міне газсыз отырмыз. Қашан қосылатынын білмейміз.- дейді РАХМАНБЕРГЕН ЖАДЫРАСЫНОВ, ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

S3200010.MP4.Still006

Мұндай мысалдар жетерлік. Қырықтан астам жер үйге көгілдір отын келіп тұрғанымен әлі қосуға рұқсат берілмепті. Газды жүргізген мекеме тұрғындардың сұрауы бойынша жылуды жалғаса басқалары келіп ажыратып кетеді екен.

S3200001.MP4.Still002

– Мен үш жетім бала асырап отырған опекун-әжемін. Үшеуі тонып, жаурап отыр. Газ келгенге қуансақ енді мынадай жағдай болып жатыр. -дейді ДӘМЕН ШОЛАНБАЕВА, ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

S3200001.MP4.Still003

– Енді біздің қайтадан көмір алатын ақшамыз жоқ. Енді не істейміз біз кімге барып жылаймыз? Айналып келіп қара халық шырылдап жүре береміз бе осылай? – дейді БАҚЫТГҮЛ ІЗТІЛЕУОВА, ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

S3200010.MP4.Still007

Ал газды тұрғындарға кіргізіп берген мекеме біздің кінәміз жоқ дейді. Тіптен, мұның барлығы газ таратушы КазТрансГаз Аймақ мекесінің қолдан жасаған дүниесі деп дөп басты.

S3200010.MP4.Still002

– КазТрансГазАймақ заңсыз ойдан құраған сылтаулар жазып бізге жауап берді. Халық сосын антимонопольный комитетке арыздады, КазТрансГаздың заң бұзушылығы анықталып тұр қазіргі жағдайда. Предписание берді КазТрансГазға, бірақ ол предписание орындаудың орнына біздің халыққа қосып берген газымызды пломбалаудың орнына  кесіп тасап, халыққа газ бермей отыр керісінше.- дейді ЖАРҚЫНБЕК АСЫЛБЕКОВ, ГАЗ МОНТАЖДАУШЫ МЕКЕМЕНІҢ БАСШЫСЫ

Көгілдір отынды ажыратқан мекеме болса барлығын заң жүзінде атқардық деп ақталды. Айтуларынша мердігерлер барлығын дұрыс жасаған тек құжаттарын толық өткізбеген көрінеді.

S3200010.MP4.Still003

– Барлығы заңға сәйкес жүргізген. Тек ғана олар құжатты толықтырмай отыр. Құжатқа қол жеткізбегеннен кейін біз нақты қауіпсіздігін білмейміз. Сол себепті біз оларға жауап беріп отырмыз толық болмайынша наряд шықпайды деп. -дейді ҚУАНЫШ САНСЫЗБАЕВ, “КАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ”АҚ ҚЫЗЫЛОРДА ӨНІДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ГАЗ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 Ал, наряд шықпайды дегені Қазалы тұрғындарына газ келмейді деген сөз. Осылайша бір жапырақ парақтың кесірінен 40-тан астам үй жылусыз отыр. Тұрғындар бұл көрсеткіш күрт өсуі мүмкін дейді. Себебі 1500 түтін үйдің тек 700 ғана көгілдір отынды үйлеріне кіргізген.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x